САҚТАНДЫРУ: ҚАНДАЙ НАУҚАСТАР ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ?

Уақыты: 29.08.2019
Оқылды: 1857
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі заман ағымына ілесіп,әлеуметтік нарықтың қарыштап дамуын ынталандыруға зор септігін тигізеді. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру тәжірибе жүзінде кең қолданыста. Осыған байланысты Сізді құнды ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдік.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қандай науқастар тегін емделе алады? Динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 25 тобы бойынша:

1. Жұқпалы және паразитарлы аурулар: созылмалы вирусты гепатит В,С,Д бауыр циррозынсыз;
2. Қанайналым жүйесінің аурулары: сртериалдық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, брахиоцефалды артериялардың экстракраниалды аурулары, жүрек клапандарының зақымдалуы, аритмия;
3.Тынысалу жүйесінің аурулары: төменгі тынысалу жолдарының созылмалы аурулары;
4. Асқорыту жүйесінің аурулары: асқазан-ішектің жоғарғы бөлімдерінің аурулары, жұқпалы емес энтерит және колит, бауыр циррозы;
5.Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары: артропатиялар, дәнекер тіннің жүйелік зақымдалуы;
6. Эндокринді жүйе аурулары, заталмасу мен қорек бұзылыстары: қант диабеті, қалқанша без аурулары; 
7. Жүйке жүйесі аурулары: эпилепсия психозсыз және деменциясыз, балалардың церебралды сал ауруы; 
8. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары:  гломерулярлы аурулар, созылмалы интерстициалды нефрит, қуықасты безінің гиперплазиясы, сүт безінің қатерсіз дисплазиясы, әйел жыныс мүшелерінің қабынусыз аурулары, аналық бездің қатерсіз ісігі;  
9. Перинаталдық кезеңде болатын жекелеген жағдайлар: перинаталдық кезеңде болатын бронх-өкпе дисплазиясы;
10. Туа біткен ақаулар, деформациялар, хромосомды бұзылыстар (балалар), операциядан кейінгі кезеңдегі жүректің туа біткен ақаулары, туа біткен даму ақаулары.

Әлеуметтік маңызды аурулардың 13 тобына:
1.Туберкулез;
2.Адамның иммунды тапшылық вирусты ауруы;
3.Созылмалы вирусты гепатит пен бауыр циррозы;
4.Қатерлі ісіктер;
5.Қант диабеті;
6.Психикалық аурулар мен іс қимыл бұзылыстары;
7.Балалар церебралды салдануы;
8.Жедел миокард инфаркты;
9.Ревматизм;
10.Дәнекер тіннің жүйелік бұзылыстары;
11.Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
12.Орталық жүйке жүйесінің демиелинизделетін аурулары;
13.Орфанды сирек кездесетін аурулар.

Қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардың 16 тобына:
1.АИТЖ;
2.Геморрагиялық қызба;
3.Дифтерия; 4.Менингокок жұқпасы;
5.Полиомиелит;
6.Мерез;
7.Лепра;
8.Безгек;
9.Сібір жарасы; 
10.Туляремия;
11.Оба;
12.Холера;
13.Іш сүзегі;
14.Жедел вирусты гепатит;
15.Туберкулез;
16.Психикалық бұзылыстар мен іс әрекет бұзылыстарына  тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына кімдер жарна төлемейді?

Мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін жарналарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылының орташа айлық жалақысынан – 2020 жылы-1,4;  2021 жылы-1,6; 2022 жылы - 1,7 пайызын төлейді.
1. Балалар; 
2. Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар; 
3. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 
4. Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); 
5.Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
6. Мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін тұлғалар. Балалық шақтан бастап бірінші топтағы мүгедек баланың күтімімен отырған жұмыс істемейтін тұлға (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы  экономикалық және индустриалды мәселесын бойынша, инвестицияларды дамыту және экспортты ынталандыру және әлеуметтік қорғау туралы № 243 - 03.04.19 ж. VII ЗҚК күшіне енеді 01.06.2019 ж.) 
7. Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; 
8. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда); 
9. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар; 
10. Жұмыс істемейтін оралмандар; 
11. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
12. Мүгедектер; 
13. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар; 
14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздар (01.06.2019 ж. күшіне енеді) жоғарыда көрсетілген санаттарға түспейтін тұлғалар.

Ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5% - ын төлей отырып, сақтандыруды рәсімдей алады немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші бола алады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер бола алады. БЖТ мынадай қызмет түрлері үшін ғана қолданылады: тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету; тек жеке тұлғаларға өзі өндірген жеке қосалқы шаруашылықтың ауыл шаруашылығы өнімдерін сату.

Төлем мөлшері. Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: Республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (2525 теңге) құрайды; басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК (1263 теңге) құрайды.

БЖТ – төлемнің төрт түрін біріктіреді: жеке табыс салығы – 10%; әлеуметтік аударымдар – 20%; міндетті зейнетақы жарналары – 30%; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – 40%.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделінен ҚР барлық азаматтарына бірдей  қандай нәтиже күтеміз?
1.    Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру:
2.    Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің участогын ірілендіру 2200 адамнан 1770 адамға түсіру.
3.    Әлеуметтік маңызды аурулар мен негізгі созылмалы аурулардың  амбулаторлық-дәрілік қамтылуы.

Негізгі созылмалы, жұқпалы емес аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінен не күтеміз?

-Медициналық көмектің қолжетімдігін едәуір арттыру:
- Кеңес беру-диагностикалық көмекті 3 есеге арттыру.
- Оңалту қалпына келтіру көмегін 3 есеге арттыру
- Алдын ала қарауды жұмысқа қабілетті жастағы тұлғаларға енгізу.
- Сақтандыру жарнасын төлей отырып,кез келген мекемеге,тіпті жеке медициналық орталықтан да ,басқа қаладан да көмекке жүгіне аласыз.
- Егер сақтандыру жарнасын төлеп отырсаңыз,жоғары технологиялық медициналық көмекке мүмкіндік аласыз
- Компьютерлік томография,магниттік-резонанстық томография,қымбат тұратын зертханалық тексеруден өте аласыз.
- Барлық сақтандырылушылар кірісі мен жарнасына қарамастан тегін медициналық көмек шеңберінен үстеме көмектің барлық көлемін ала алады.
-Электронды денсаулық құжаттары -тіркеу бөліміне кезекке тұрып медициналық картаны іздеудің қажеті жоқ.
- «Медициналық сақтандыру қоры: Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасы құрастырылды.Қосымшада ауруханалар мен емханалардың қызмет көрсету деңгейі туралы пікіріңізді қалдыра аласыз.
- 1439 қысқа нөмірі арқылы әрбір адам өзіне қажетті препаратқа тапсырыс берілгенін біле алады.Бұл «СК-Фармация» ЖШС 1439 байланыс орталығы.
- Заңмен бекітілген ауру түрлеріне толық дәрі-дәрмектер ала аласыз
- Дәлелді медицинаға негізделген Ауруларды басқару бағдарламасы енгізіліп,алғашқы медициналық санитарлық көмектің сапасын жақсартып,күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
- Медициналық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында учаскелік қызметтің ынталандыру компоненті енгізілді. Жоғарыда көрсетілген санаттарға түспейтін тұлғалар ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ын төлей отырып, сақтандыруды ресімдей алады немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші бола алады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер бола алады.

БЖТ мынадай қызмет түрлері үшін ғана қолданылады: тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету; тек жеке тұлғаларға өзі өндірген жеке қосалқы шаруашылықтың ауыл шаруашылығы өнімдерін сату.

Майра ОРАЗАЛЫ,

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу бөлімінің бас эксперт маманы