ТОКИОДАН СҮЙІНШІ ХАБАР: ЖЕТІСУЛЫҚ ТАҒЫ БІР СПОРТШЫ МЕДАЛЬ ТАҚТЫ

Уақыты: 26.07.2021
Оқылды: 1171

Сүйінші! Жетісулық тағы бір спортшы Токио Олимпиадасының жүлдегері атанды. Ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зульфия Чиншанло қола жүлдеге қол салды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің тілшісі хабарлады.

Алматы облысында шарболаттай шыңдалған қайсар қыз ел үмітін ақтап, мықтылығын дәлелдеді. Қазақстандық спортшы жұлқа көтерудің алғашқы мүмкіндігінде 90 келіні еңсергенімен, төрешілер қалған екі мәрте (93 келіден) көтергенін есепке алмады. Есесіне спортшымыз серпе көтеруде бір-ақ мүмкіндігін пайдаланып, үздік үштікке енді. Ол алғашқы мүмкіндігінде 123 келіні бағындыра алмағанымен, екінші қайтара шығып, дәл осы салмақты басынан асырды. Ал үшінші мүмкіндігін пайдаланбады. Өйткені, қола медаль қоржында еді.

 "ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"