ТАЛДЫҚОРҒАНДА ДОЙБЫ ОЙНАУДЫҢ АДАМ ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛДІ

Уақыты: 26.09.2021
Оқылды: 1054

Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында колледж студенттері арасында көңілді дойбыдан ашық турнир өтті. Жарысқа 100-ге жуық адам қатысты. Бұл туралы "Жетісу" газетінің тілшісі хабарлады.

Ақыл-ой жарысының ашылу салтанатында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, Адам құқығын қорғау бірлестігінің басшысы Әлия Ахмедиева сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс ерекше форматта өтті. Ала тақта жерге сызылып, үстіндегі тастардың орнына студенттер тұрса, мінбеде тұрған екі студент баланың аты-жөнін және қандай жүріс жасайтынын айтып отырды. Биге шыққан білімгердің басына тақия кигізді.

Доданы ұйымдастырушылар дойбының шартын ұлттық нақышымызды ұлықтаумен ерекшеленді. Жарыс көңілді әрі тартысқа толы болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды спорт интернат колледжі иеленіп, 100 мың теңгенің сертификатын алды. Тұғырдың екінші сатысынан көрінген политехникалық колледж студенттеріне 75 мың, үздік үштікті түйіндеген гуманитарлық техникалық колледж студенттеріне 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы