МАУСЫМДАҒЫ БІРІНШІ ЖЕҢІЛІС

Уақыты: 26.10.2017
Оқылды: 1182

Қыздардан «Жетісу»  волейбол клубы Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогындағы екінші ойындарында жеңілді. Павлодардың «Ертіс ҚазХром» клубымен болған кездесуде 1:3 (25:22, 19:25, 21:25, 21:25)  есебімен ұтылды. Оның алдында «Қарағандыны» жеңген болатын. Ертең «Б» тобындағы соңғы ойындарын  солтүстік қазақстанның «Қуаныш» командасымен өткізеді. Ал «Қуаныш» клубы бүгін сенцасиялық жағдайда «Қарағандыны» жеңді.