Диана Тасжанова жүзуден Азия ойындарының финалына шықты

Уақыты: 26.09.2023
Оқылды: 543

Ханчжоуда өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының жүзуден іріктеу сайыстарына қазақстандық спортшылар Ксения Игнатова, Диана Тасжанова мен Софья Сподаренко қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасының өкілдері төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Диана Тасжанова еркін стиль бойынша 400 метр қашықтықты 4:13.47 уақытта жүзіп өтті. Ол төртінші болып финалға шығып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
- Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуде 2:14.98 нәтижесін көрсетіп, жетінші орынмен финалға шықты.
- Софья Сподаренко 100 метрді еркін тәсіл бойынша 57, 16 секундта жүзіп өтіп, 11-орын иеленді.
Финал сайыстары кешкі 17:30-да басталады.

Фото: olympic.kz