Қоржынға алтын мен рекорд қатар түсті

Уақыты: 27.09.2023
Оқылды: 842

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалға қол жеткізді.

Дәлірек айтқанда, стенд атудан әйелдер құрамасы топ жарып, қолаға толардай болған ел қоржынына алғашқы алтын мен рекорд қоса түсті. 

Құрамдағы Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында дара шықты. Нәтижесінде олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола. 

Фото: olympic.kz