Cпорт алаңы ашылды

Уақыты: 30.09.2023
Оқылды: 775

Жуырда Алмалы ауылдық округіне қарасты Абай ауылының білім ордасында заманауи үлгідегі стадион қолданысқа берілді. Спорт алаңының жалпы көлемі 3200 шаршы метрді құрайды. Стадионның  жасанды газон жабындысы бар футбол алаңы, арнайы жүгіруге арналған резеңке жолағы көз тартады, сондай-ақ, баскетбол алаңымен, спорттық снарядтармен жабдықталған.

Сарқан ауданының  әкімі Ғалымжан Маманбаев Абай ауылының тұрғындарын жаңа алаңның ашылуымен құттықтап, осы стадионда өзін шыңдап, ауданымыздың атын асқақтатып, қазақ елі мақтан тұтатын чемпиондар шығарына  сенім білдіріп,  алаңның салтанатты ашылу шарасында алғашқы допты ойынға  қосты.

Абай ауылының мақтан тұтар перзенттерінің бірі, ауылдың жанашыры, кеден қызметінің ардагері Бекен Нұрахметов ауылдастарын мерейлі сәтпен құттықтап, білім ошағына демеушілік көрсетіп,  сый-сияпаттарын табыс етті.

Ауыл тұрғындарының атынан  сөз алған  Дидар Секеманов осы стадионда жаттыққан ауыл өрендерінің арасынан  келешекте еліміздің атын шығарар сайыпқыран спортшылардың көптеп шығуына ізгі тілегін қосты.  

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы