ХАНЖОУ ҚАНДАЙ ҚАЛА?! (Азия Ойындары өтіп жатқан қаладан фоторепортаж)

Уақыты: 03.10.2023
Оқылды: 818

Азия Ойындары өтіп жатқан Ханжоу қаласының тыныс-тіршілігі еліміздегі белгілі спорт қайраткері Несіп Жүнісбай назарынан тыс қалмады.

Соңғы жылғы баға бойынша Ханжоу ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша әлемдегі 19-шы қала атанды;

Ханжоуда бүкіл Қытай бойынша ҰЛТТЫҚ ШӘЙ МУЗЕЙІ бар;

Қытайлар: "АСПАНДА ЖҰМАҚ БАР, ЖЕРДЕ ХАНЖОУ БАР!" дейді екен.

Ханжоуда 12 000 000 адам тұрады. Бұл бүкіл Қазақстанның 3/2-сі;

Ханжоуда бүгінгі Қытай елінің Төрағасы Си-Цзиньпин ұзақ жыл еңбек еткен делінеді;

Әр елдің заңы басқа: Мысық сататын мәгәзін де көрдім;

Елде тек қана дерлік Қытай автокөліктері. Сәл-пәл неміс мәшинелері кездеседі. Бірақ жергілікті тұрғындардың негізгі аяқартары велокөлік пен мотокөлік: мінеді,серуендейді,сонда дем алады.

Өзі айнадай жарқырап жатқан көшені де сыпырып жатқаны;

Бойшаң үйлерге қарасаң бас айналады;

Түнгі Ханжоуды көруге көз керек;

Азия Ойындары бұл қалаға ойыншық секілді. Ертең-ақ Олимпиада Ойындарын өткізе беруге болады!

Қытайда бензин арзан дейтіндер қателеседі: юанды теңгеге шағып көріңіздер;

Қазақ көрсек бірге суретке түсе береміз...

Ойындардың Бойтұмарымыз...