"АТАЛАС" АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 247

Талдықорғанда «Аталас» атты шағын футболдан отбасылық жарыс өтті. Шара шымылдығын қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы ашып, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген отбасыларға алғысын білдіріп, жеңіс тіледі.


Қала әкімі бұндай игі шараны дәстүрлі түрде кеңінен насихаттап, әрі қарай дамыту керектігін ерекше айтып өтті.

Тартысқа толы жарысқа 4 отбасы қатысты. Атап айтқанда, Әбішевтар, Мырзахметов Team, Қаптағай және Төлеуханов отбасылары өзара мықтыны анықтады.

Жарысты ұйымдастырушыларының сөзінше, жалпы шараның басты шарты бір атадан туған аға, бауырлар мен балалары және қала тұрғыны болуы тиіс.

Жарыс қорытындысы бойынша І - орынды Мырзахметов Team отбасы алса, ІІ - орын Қаптағайлықтарға бұйырса, ал ІІІ - орынды Төлеухановтар отбасы місе тұтты.