Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды

Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 265

Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік таластырды.

Қос теннисші осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.
Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.

Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 54 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Касаткина 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі. 

Фото: ҚТФ