РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ

Уақыты: 06.05.2024
Оқылды: 342

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингіде Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қазақстандық теннисші 18-ден 17-орынға көтерілді. Бұл – оның рейтингідегі ең үздік көрсеткіші.


Александр Шевченко 59-дан 60-қа, Михаил Кукушкин 129-дан 134-ке сырғыды. Бейбіт Жұқаев 182-ден 174-ке жоғарылады. Бұл да оның жеке рекорды ретінде тіркелді. Сондай-ақ Денис Евсеев 184-тен 177-ге, Дмитрий Попко 234-тен 223-ке, Тимофей Скатов 271-ден бірден 247-ге шықты.

Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.