ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 06.05.2024
Оқылды: 395

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Әлем кубогында топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.  


Парижде әртістік жүзуден Әәлем кубогынің екінші кезеңі өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан командасы үш медаль алды.

Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова үздік шықты. Ерлер арасындағы соло жаттығуында Виктор Друзин күміс жүлдені иеленсе, Қазақстан әйелдер құрамасы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.

Енді әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы 31 мамырда басталатын әлем кубогынің үшінші кезеңіне дайындалады.