ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ "МЕКТЕП БАРЫСЫ" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 07.05.2024
Оқылды: 445

Талдықорғанда еліміз бойынша тұңғыш рет «Мектеп Барысы» жобасы бастау алды. Негізгі мақсаты - қазақ күресін дамыту. Жоба жеті кезеңнен тұрады. Жарыс барысында жергілікті блогерлермен 4 шақырым жүгіру, суға жүзу, арнайы фитнес залдарында жаттығу және қазақ күресінен шеберлік сағатын ұйымдастыру қамтылмақ.


«Мектеп Барысы» жобасына Талдықорған қаласының 7 мектебінен балуандар іріктелген. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысатын жас өрендер жаттығу жұмыстарын бастап, қазірден белсенділік танытып жатыр дейді..

Жарыстың ресми бастау аларын тұсында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жас балуандарды қалалық әкімдікте қабылдап,  алдағы сынға сәттілік тілеп, ұлттық спорт түрін насихаттау оны кеңінен дәріптеуде үлкен жұмыстар жасалып жатқандығын ерекше айтып өтті.

Бұл спорттық жарыс, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, жас буынның бос уақыттарын тиімді өткізуі және төл спорттың кең етек жаюына өз септігін бермек.

Айта кетейік, «Мектеп Барысының» ақтық кезеңі 18 мамыр күні өткізіледі деп жоспарлануда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"