Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам және медиа

Асылханның фотосы

27 маусым 2026
Қоғам және медиа
Асылханның фотосы
WhatsAppTelegramFacebook

1990 жылы Мәскеуде PhD докторлық қорғауым керек еді. Алайда КСРО-ның құлауы ғылымға жасаған қадамымды шектеп, жаңа сала – журналистикаға бағыт бұрғызды. Сөйтіп экологиялық бағытта шығатын «Атамекен» апталығына фототілші болып орналастым. Сол аралықта «Өркен-Горизонт» газетіне, «Арай» журналына түсірген фотосуреттерім жарық көре бастады. 

Одан кейін «Қазақстан әйелдері» журналы жұмысқа шақырып, халықаралық «Азия Дауысы» фестивалін түсіруге қатыстым. Сонда жүріп, бас редактор Алтыншаш Жағанова, Мақсат Дүйісмағамбетов, Шәрбану Бейсенова, Рза Қунақова сынды қадірлі жандардың шарапатын көрдім. Кейіннен «Парасат» журналына Баққожа Мұқай шақыртты. Онда Қалихан Ысқақ, Талаптан Ахметжан, Зәкір Асабаев секілді қаламгерлермен істес болдым. Фототілшілік аяғы асыраған қасқыр секілді ғой, көп ұзамай «Заң» газетінің фототілшісі атандым. «Алматы ақшамы» газеті жаңадан ашылғанда көмектесіп, фотоларымды беріп тұрдым.

1996 жылы ғылым-білімге баса назар аударыла бастады да гидромелиорация бағытындағы докторлығымды қорғауды ойластырғанмын. 1999 жылы белгілі журналист Роза Қараева хабарласып, «Жас Алаш» газетіне жұмыс істеуді ұсынды. Түс ауа бас редактор Нұртөре Жүсіптің кабинетінде Ғалымжан Мелдеш, Әділбек Қаба, Бақыт Ойса секілді белгілі азаматтармен таныстым. Редакцияға тиесілі фотоаппарат әбден ескірген, тозған екен. Бірден: «Мен мұндай аппаратпен жұмыс істемеймін!» – деп ескерттім. Бас редактор орынбасары Ғалымжан Мелдешке жаңа фотоаппарат алуға тапсырма берді. Сөйтіп, екеулеп таңдап алған заманауи құралмен «Жас Алаш» газетінде табан аудармай 17 жыл жұмыс істеппін.

Осы жылдар ішінде еліміздің барлық аймақтарын фототілші ретінде аралап, көптеген мәліметке қанықтым, мыңдаған таныс таптым. Іссапарлармен батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке барып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, мұң-мұқтажын білдім, көрдім, түсірдім. Шалғайдағы қарапайым тұрғындарды толғандырған мәселелерге, орталықтағы саяси оқиғаларға, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік шиеленістерге куә болдық. Соның бәріне фототілші ретінде адал қызмет етуге тырыстым. Газеттің атын жамылып, әлдеқандай істер жасаудан, пысықтық танытудан аулақ болдым. Тіпті, ол жайында ойлаудың өзінен қаштым десем артық айтқаным емес. Яғни, бала күнімнен ел мен жерге мүлтіксіз қызмет етсем деген арманыма адалдық таныттым.

Кейінгі 15 жылда ұстаздық жолға түсіп, фототілшілікті оқытуға кіріскенмін. Содан бері оқу құралдары, монография, фотоэнциклопедия секілді 13 кітаптың авторы, қосымша авторы атандым. Газет-журналдарға түсірген фотоларым арқылы фотопублицист атанудың қаншалықты маңызды екенін көпшілікке жеткізіп келемін. Себебі фотопублицистика жай репортаж емес, ұстанымы бар, жан айқайы бар фотоөнер.

Мерзімді баспасөзге жарияланған суреттің жанына не астына майда әріптермен: «Фотосуретті түсірген бәленше түгеншеұлы» – деп жазу міндетті. Менің еңбектеріме белгілі журналист Сәкен Сыбанбай: «Асылханның фотосы» – деп жаздырғаны рас. Ол жайында Сәкен әлеуметтік желідегі парақшасына жазды да. Мен жұмыс істеген кезеңде демократиялық талпыныстың басы-қасында жүрген «Жас Алаш» тілшілерінің үні ерекше естіліп тұратын. Түрлі жиындарда қолымдағы аппаратымнан таныған жандар: «О, Асылханның фотосы!» – деп арнайы бұрылып келіп, ризашылығын білдіріп жататын. Соның өзі кәдімгідей көңілге демеу беріп, қанат бітіргендей әсер ететін. Сол арқылы атым танылып, брендім қалыптасты.

Редакцияға арнайы шақырумен келген әрбір адамды суретке түсіреміз. Қазір менің қорымда елімізге белгілі жүздеген қоғам және мемлекет қайраткерлерінің фотосуреттері бар. Олардың әрқайсысы бөлек әлем, өзгеше кескін күйінде сақтаулы тұр. Солардың бәрі де көрген сәтте: «О, Асылханның фотосы!» – деген лебіз білдіргені қуантады.

2010 жылы белгілі ғалым, публицист, өлкетанушы Сағатбек Медеубекұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Журналистика факультетіне сабақ беруге шақырды. Оқу орнының түрлі жиналыстарында көпшілік есімімді естігенде жымиып, бас изеп ризашылық танытатын.

Қазіргідей технология қарқынды дамыған кезеңде сандық фотокамералар, ұялы телефондар жыл сайын жаңарып, сапалы құрылғылар көптеп шығып жатыр. Соған сәйкес бүгінгі мерзімді баспасөздің журналисті фотоға өзі түсіріп, өзі өңдеп, өзі дайындап беруді меңгеруге мүдделі. Тіпті, фотомен бірге бейнероликке түсіруді талап етеді. Ондай мамандарды бүгінгі жұртшылық мобилограф деп атап жүр. Сондықтан қазіргінің журналисті фотоға, бейнеге түсіретін, оны монтаждап, әлеуметтік желіге жариялай алатындай әмбебап конвергентті болуы тиіс. Ал әрбір журналист білу тиіс жанрларды, жазуды жетілдірудің, тақырып ашудың жолын, фотомен мәселені айтудың құпиясын, жарық пен ракурсты қоюдың тәртібін Журналистика факультетінде арнайы оқытамыз. Қазіргі жаңа смартфондардың фотоға түсіруге деген мүмкіндігі мол болғанымен оған адамның көзқарасы, дүниетанымы жетпей жатады. Кейде тілмен айтып жеткізе алмайтын мимиканы, мінез-құлықты фотосурет береді. Оны адам көкірек көзі арқылы көреді. Сол бір сәтті қалт жібермей, дер кезінде түсіріп үлгеру фототілшінің бәсін арттыра түседі. Әдетте фототілші сұхбатқа шақырылған адамды басында түсіріп алып, қалғанын журналистке қалдырып кете береді. Бұл дұрыс емес. Себебі адам ә дегенде ашылып, бойындағы бар сыры мен нұрын шығара қоймайды. Сұраққа жауап бере отырып, әлдебір сәтті еске алғанда жүзіне қуаныш пен реніш табы анық шығады. Қарқылдап күлгенде немесе көзіне жас алғанда қапы қалған фототілші өкініште. Кейіпкердің шынайы образының ашылуын күтіп, қас-қағым сәтін қағып алу нағыз шеберлік.

Міне, осындай ерекшеліктерді ескере отырып, фототілші мамандығына артылар жауапкершілік келешекте бүгінгіден де ұлғая беретінін білу қиын емес. Ол үшін алдын ала тақырыпты тексеру, зерттеу, түсірілетін нысанды тану секілді дайындық қажет. Онсыз фотоның асығыс, немқұрайлы, үстірт түсірілгені көзге ұрып тұрады. Сол арқылы тілшінің мәдениеті, деңгейі, кәсібилігі білініп қалады. Яғни, фототілші қоғамдағы әрбір оқиғаның түп-тамырын танитын, келешекке тигізер зияны мен пайдасын білетін, тарихи маңыздылығын ажырататын білікке ие болғанда ғана деңгейі өсе түседі.

Асылхан Әбдірайымұлы
фотопублицист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.