КӨКПАР ТАРТҚАНДАР ТАҒЫ ДА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 27.02.2023
Оқылды: 1413
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу обылысына қарасты Ақсы ауданында жол бір топ азамат жол бойында көкпар тартқан. Артынша шабандоздардың видеосы таралып кеткен.

Бұл туралы "JETISỲ" газеті сайты Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиға 26 ақпанға қараған түні Ақсу ауданында түсірілген. Аудандық полиция қызметкерлерінің жедел іске араласуымен 34 жастағы көкпар ұйымдастырушысы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылады.

Сондай-ақ, ат спорты ойынының 10 қатысушысы анықталып, полицияға жеткізілді, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылды (Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру).

Полиция өңір тұрғындарын заңнаманың талаптарын сақтауға және ойынды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органмен оның өткізілетін орнын қатаң бақылаумен міндетті түрде келісуге шақырады.


 

Фото: ашық дереккөзден