САҚТАНЫҢЫЗ. СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР

Уақыты: 27.02.2023
Оқылды: 1120
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазгидромет су тасқыны жүруі мүмкін төрт өңірдің ішінде Жетісу облысы да бар екенін атады. 

«27 ақпанға дейін Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сақ болыңыздар!

 

фото: ашық дереккөзден

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ