ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСПЕК

Уақыты: 27.02.2023
Оқылды: 1509
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2023 жылғы 10 наурызда сағат 10.00-де Текелі қаласы әкімдігінің ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды (мекенжайы: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, кіші мәжіліс залы, 1 қабат).

Мұнан соң сағат 11.00-де өңір басшысы қала тұрғындарымен кездеседі (қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залы, 4 қабат).

Халықпен кездесудің тікелей көрсетілімі облыстық әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimat» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimat?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша және  Текелі қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында https://instagram.com/tekeliakimat?igshid=NDk5N2NlZjQ= сілтемесі бойынша жүргізіледі.

 

"ЖЕТІСУ"АҚПАРАТ