ТАҢҒЫ АС! ӘДЕМІ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ

Уақыты: 07.03.2023
Оқылды: 702
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, кардиолог Светлана Павличенко Газета.Ru басылымына берген сұхбатында таңғы асқа пайдалы өнімдерді атаған. Әдемі болам десеңіз осы тағамдарды ұстанғаныңыз жөн.

Бұл туралы "7-su.kz" сайты Lenta.ru басылымы дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Диетолг таңғы асқа дәнді дақылдардың ең құнды тамақ екенін, Олардан пісірілген түрлі ботқалардың асқазанға жағымдылығы мен құнарлығы жоғары деңгейде екенін айтады.

Сосын жаңа піскен жемістердің де ерекше пайдалы болатынын жеткізген. Қыс мезгілінде қолжетімді болмаған жағдайда мұздатылған түрін де пайдалануға болады.

 Әрине, балық өнімдері де үстеліңізде жиі тұрғанын құп көріңіз. Оның пайдасы туралы да ұзақ мәлімет беруге болады. Бірақ осы ретте оның адам ағзасына ең пайдалы өнім екенін айту да жеткілікті. 

Сүзбе секілді сүт өнімдері де тағамдық құндылығы жоғары әрі сіңімді тағам қатарында. Жалпы ашытылған ақ өнімдерді жиі пайдаланыңыз.

Бұл тағамдарда түрлі дәрумендер мен күрделі көмірсулар көп. Олар ағзаның жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Ал сұлулықтың бірден бір кепілі ішкі "сұлулық" екенін әсте ұмытпағаныңыз жөн. 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ