САБИНА ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Уақыты: 07.03.2023
Оқылды: 925
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып, кейіннен құтқарушылар көмегімен құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова мереке қарсаңында елге оралды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

 «Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді А.Смадияров ранайы өткен брифингте.

Аталған іске ҚР Сыртқы істер министрлігі атсалысқан.

 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ