МӘССАҒАН! 10 МЫҢ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 09.03.2023
Оқылды: 840
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда еңбек адамдарының құқығы әлі толық қорғалмай келеді. Жаңа Қазақстанда 175 кәсіпорын еңбекшартын бұзып отыр.

Дәлірек айтқанда, Еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің жалақы алмағанын анықтаған.

Дәлме-дәл, 10 мың жұмыскердің құқығы тапталып отыр деген сөз бұл. Тапталғаны сол, заң бұзушы ұжымдардың қарапайым еңбеккерлерге жалақы бойынша берешегі бақандай 1,7 млрд теңгеден астам  болып отыр.

Бүгінгі таңда осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Байқасаңыз, 175 кәсіпорын заң бұзған тұста 24,6 млн. теңге айыппұл салынған. Сізше аз ба көп пе?

Бір атап өтер жайт, қабылданған тиісті шаралардың нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 1,3 млрд теңге төленді.

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ