ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ СОҢҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

Уақыты: 09.03.2023
Оқылды: 814
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

UFC келісімшарты бойынша Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін өткізбек. Оның қарсыласы америкалық Нейт Манес болады.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де келесі жекпе-жегін америкалық Нейт Манеспен өткізбек. 

Белгілі болғандай, олардың жекпе-жегі 5 мамырда Ньюаркте (Нью-Джерси, АҚШ) UFC 288 турнирі аясында өтеді.

Манес ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жеткен. Ал отандасымыз Жұмағұлов UFC-дегі алты жекпе-жекте бір-ақ рет жеңіске жетіп, бес жеңіліске ұшырағаны сауатты көрерменге мәлім.

Сол себепті де Жалғас үшін бұл UFC келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек болмақ. 

 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ