СЕРІК КҮДЕБАЕВ АУРУХАНАҒА ТҮСІП, СОТ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Уақыты: 10.03.2023
Оқылды: 1246
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді.
Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.
Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын.
Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

7-su.kz