ЖЕТІНШІ РЕТ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСТЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 676
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін, тарихи күн. Елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депуттатарының сайлауы басталды.

Қойлық ауылының тумасы 98 жастағы Екінші дүние жүзілік соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы №365 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Ақсақал еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, шалғай жатқан ауыл халқының үніне құлақ асатын жанашыр депутаттар сайлауда жеңіске жететіндігіне сенім білдіріп, бата берді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті». - деді Берлібек ата.

Айта кетейік, Соғыс ардагері Берлібек Ысқақұлы осымен жетінші рет парламент сайлауына қатысты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"