САЙЛАУ-2023: МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 701
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарқан ауданында "Жұмыспен қамту орталығының" ұжымы өз таңдауларын жасады

Ауызбіршілігі жарасқан "Жұмыспен қамту орталығының" қызметкерлері сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, белсенділік танытып, дауыс берді.

Аталған ұжым Сарқан қаласындағы №349 сайлау участкесінде таңдау жасады.

"Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп санаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, ел тағдырына әсер етпек",- деді "Жұмыспен қамту орталығының" басшысы Дидар Сағынғали.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға 4 мыңға жуық бюджеттік қызметкерлер таңдауларын жасайды деп күтілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"