Талдықорғанда «Ландшафты дизайн» мамандығы ашылады

Уақыты: 06.03.2023
Оқылды: 387
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісулық болашақ студенттер енді өңірімізде «Ландштафтық дизайн» мамандығын игере алады. Бұл мамандық әзірге облыста ешбір оқу ордасында оқытылмайды.

Бұл жайында  Жетісу құрылыс техникалық колледжінің қамқоршылық кеңесі отырысында колледж директоры Асет Жұмадилов жаңадан ашылатын мамандық жайлы ақпараттандырып өтіп,  кеңес мүшелері тарапынан қолдауға ие болды.

Қазіргі таңда лицензия алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқулықтармен қамтамасыз етіліп, материалдық-базасы реттелуде. Барлық рәсімдер аяқталған соң, Жетісу құрылыс техникалық колледжі аталған мамандық бойынша болашақ мамандарды даярлап шығарады.

Бұдан бөлек, қамқоршылық кеңес төрағасы Ғазиз Аманжолұлының төрағалығымен өткен отырыста алдағы уақытта әлеуметтік серіктестермен бірлесе атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында барлық мамандықтар бойынша өндірістік және дипломалдындағы практикаларды өту үшін кәсіпорындармен келісім шарттар жұмыстарын жалғастыру, дуальді оқытуда кәсіпорындардағы тәлімгерлердің рөлі, Worldskills чемпионатына білім алушыларды әлеуметтік серіктестер базасында дайындау, демоемтиханды өткізу, білім алушыларды жұмысқа орналастыру туралы айтылды. 

Сонымен қатар Ғ.Аманжолұлы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар және әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға кеңес мүшелері тарапынан көрсетілген материалдық көмек жалғасын табатындығы түсіндірді.
Жалпы, ландшафтық дизайн - бұл ауланың, қалалық аймақтың және т.б. эстетикалық немесе практикалық себептерге байланысты ерекшеліктерін ұйымдастыру немесе өзгерту.                               
 40 жылдан астам тарихы бар білім ордасында қазіргі таңда 400 ге жуық студент 6 мамандық бойынша оқытылады және 7 ші ашайын деп отырған осы мамандық.

Өз тілшіміз