"Қымбатшылықты қолдан жасап отыр": Белгілі журналист автонарықтағы былықтың бетін ашты

Уақыты: 13.04.2023
Оқылды: 2345
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Дәл осылай деген белгілі журнилст Ербол Азанбек өзінің фейсбук парақшасында автонарыққа қатысты мәселе көтерді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Әлеуметтік желідегі жазбаны автордың өз рұқсатымен қаз-қалпында жариялап отырмыз:

Автонарық бетімен кеткен. Кассада VIN код сұрады. 
Менеджер: сізге кореялық VIN кодын жазып берем, Қазақстандық VIN код келген соң беріледі. 
- Сонда бұл қазақстандық зауытта құрастырылып жатқан жоқ па? 
-Көлік жолда, кореялық vin кодпен келеді. 

Былтыр Санжар, Нұраддиндер осы мәселені көтерген. Машина шетелден келеді, фар мен дөңгелек, 3.5 мотор салады, VIN код жапсырады, мә, саған Made in KZ. Автозауыт аштық деп жаһанға жар салады, Президентке лентасын кестіреді, мемлекеттен қыруар қаржы алады. Нәтижесі осындай. 

Менеджер: көлік келген соң, 3 күн күтеміз, қалған ақшасын төлеп үлгермесеңіз басқа адамға сата береміз. 
Мен: талаптарыңыз жынды екен. Клиентті 1.5 жыл күттіресіз, өздеріңіз 3 күннен артық күтпейсіз.
-Күтпейміз
-Сендер алдымен машинаны әкеп алыңдаршы, сосын талаптарыңды айтасың. 
Қашан келеді өзі? 
-Майдың соңында
-Шартта июль деп тұр ғой
-…
Шарттарын оқысаң өздеріне шаң жуытпайды. Бүкіл міндетті клиентке артып қойған. Сұмдық мыналар. Тапшылықты қолдан тудырып, қымбатшылықты қолдан жасап отыр. 
Серьезно айналысатын комиссар Катани да шықпады арамыздан.

Сурет ғаламтордан алынды