"Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерді іздеп жатыр": Күдебаевқа қатысты ҰҚК тың мәлімет таратты

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 949
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сенат кулуарында ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын генерал Серік Күдебаевқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Алдажұманов іздестіру нысаны тау жотасы екенін, себебі оның өзі туған жерде - тауға жақын елді мекенде шаруа қожалығы бар екенін айтты. 

"Болжам бар және тауға кетті делік. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой, тау жотасы 672 шақырым болады. Оның өзі туған жерде - тауға жақын елді мекенде шаруа қожалығы бар. Жақсы жолсеріктер болуы да мүмкін. Біз тау арқылы шығатын нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Алдажұманов.

Фото: ашық дереккөздерден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ