Премьера! «NAZ-I»  спектаклі енді Талдықорғанда

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 477
Бөлім: РУХАНИЯТ

JOL театрының репертуарына қосылғалы жатқан жаңа қойылымның ПРЕМЬЕРАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«JOL» театры – қазақ театр кеңістігіне қосылған жеке, тәуелсіз өнер алаңы. JOL театры өз өнімдері арқылы көпшіліктің мәдени танымын арттырып, өнер арқылы қоғамда кездесетін түрлі проблемалар мен олардың шешімдерін ұсынуды көздейді.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Шабыт өнер академиясының, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің  студенттері мен түлектерінен құралған еркін театр алаңы.  JOL театры 2023 жылдың 27 наурызында театр және кино актері, Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, режиссер Д.Базарқұловтың бастамасымен құрылған.

 

2024 жылдың 17 сәуірінде JOL театрында Мар Байджиевтің      «NAZ-I»  спектаклінің премьерасы Талдықорған қаласындағы, Б.Римова атыгдағы драма театрында өтеді.  Сіздерді осы шараға қатыса отырып, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз.

 

                           “NAZ-I”

Қырғыз  драматургі  Мар Байджиевтің “Махаббат жағалауы” пьесасының       

                  негізінде сахналанатын «NAZ-I» қойылымына  қыз тағдыры , назы мен

              бар сезімі арқау болған.

Қойылым режиссері:  АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен М.Чехов атындағы театр фестивалінің, халықаралық театр фестивальдерінің  лауреаты Данияр Базарқұлов.

 

СПЕКТАКЛЬ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Жағалау жағасы мен ондағы тіршілікке серік болған Нази.  Дәл осы теңіз бен оның тағдыры, осы күнге дейін өткен өмірі, көрген,білгені - бәрі де осында ақтарылады. Ол күткен махаббат, ол күткен сезім шырмауы мұншалықты күрделі боларын сезбеді де. Қыз тағдыры, назы мен сезімінің ақтарылар тұсы жақындап қалды…

 

ҚАТЫСУШЫЛАР;

 

НАЗИ – Динара Ныгметуллина

АЗИЗ –  Абзал Жақып

ЕСКЕНДІР – Әсет Иманғали

 

 

                        Өтетін орны: Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры

Спектакль уақыты: 17 сәуір, 19:00

 

Аккредитация мен өзге де сұрақтар үшін байланыс телефоны:

тел: +7 747 113 86 12 (Айтолқын Шагизанда)

E-mail: joltheatre@mail.ru