Кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жанға баспана сыйлады

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 823
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданында кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Мадина Төменбаеваға баспана сыйлады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ата-анасынан ерте айырылып, баспана тауқыметін тартып келген Мадинаға “Life Stroy Invest” ЖШС Үштөбе қаласынан тұрмысқа жайлы 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды.

«Бүгін міне қолы ашық жандардың арқасында баспаналы болдық. Бұл жаңалықты хабарлағанда сенбедім. Түс деп ойладым. Бізді осында әкеп, қолымызға кілтті табыстағанда қуанышымда шек болмады. Бәрінен бұрын бауырым бақытты. Енді біздің бауырымыз екеумізде армандағандай өз баспанамыз болады. Барлығына көп рахмет. Менің отбасыма қол ұшын созып, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін», – деді Мадина Ерікқызы көз жасына ерік беріп.