ЫРЫС КӨЗІ

Уақыты: 21.07.2016
Оқылды: 1727
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сарқан ауданында 5 асыл тұқымды ауылшаруашылық құрылымы жұмыс атқарады. Атап айтқанда қазақтың ақбас асыл тұқымды ірі қара малын  өсіретін «Арлан» шаруа қожалығы, Қойлық ауылында орналасқан «Сарқан Агро» ЖШС-і мал басын көбейтуде өзіндік үлес қосуда.  Биыл  аталған серіктестік 2000 басқа репродуктор – шаруашылық құруды және 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске асыруды жоспарлауда. Осы қатарда  Алмалы ауылдық округіндегі Жабы асыл тұқымды жылқыларымен айналысатын «Жұмағали» Амангелді ауылдық округіндегі Еділбай қойын асырайтын «Айдар», Лепсі ауылдық округіндегі Гемпшир асыл тұқымды қойларымен айналысатын «Көктем» шаруа қожалықтары ойымызға оралады.

Қарауындағы малын асылдандырамын деген фермерге мемлекеттен қамқорлық көп. Жыл басынан 48 шаруа құрылымы 150 бас асыл тұқымды бұқа, 10 бас қошқар, 65 шаруа қожалығы 4885 аналық, «Көктем» шаруа қожалығы 1133 бас  саулық сатып алуға қомақты демеуқаржы алған.   Аудан бойынша 5 шаруа қожалығы  16,2 тонна жүн өткізіп,  «Малай би Агро» ЖШС-і  сиыр және қой,  «Дәурен» шаруа қожалығы жылқы етін өткізіп, демеуқаржыға қол жеткізген. Жалпы өткен жылы мал шаруашылығына 138 млн. теңге көлемінде демеуқаржы берілген.

 «Агробизнес – 2020» бағдарламасына сәйкес, жыл басынан «Сыбаға» бойынша барлығы 121 млн. теңгеге 624 бас аналық және 31 бас бұқа сатып алуға 10 шаруа құрылымы өтініш берген. Осы аталған қаражат ішінен 6 шаруа қожалығы 70 млн. 600 мың теңгеге 359 бас құнажын, 19 бас бұқа сатып алды.   Аталмыш бағдарламаның 2011–2015 жылдарға берілген жоспарын Аманбөктер, Бақалы және Қарашыған ауылдық округтері орындай алмағандығын атай кету керек. Ал «Алтын асық» бағдарламасы аясында Бақалы ауылдық округінен «Садыкова А» және Екіаша ауылдық округінен «Айнабек» шаруа қожалықтары 520 бас саулық және 37 бас қошқар сатып алып, аудан жоспарын 100 пайызға орындады.

«Құлан» бағдарламасы бойынша Бақалы ауылдық округінен «Шураев Қ», Екіаша ауылдық округінен «Сыдыков М» және Қарашыған ауылдық округінен «Касымбеков А» шаруа қожалықтары барлығы 31 млн. 620 мың теңгеге  102 бас жылқы сатып алуы жоспарды 158 пайызға көтерді.

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60, 61-ші қадамындағы мал шаруашылығының сүт және ет өнімін арттыруды көздейтін «Ырыс» бағдарламасы бойынша Сарқан қалалық округінен «Мади» шаруа қожалығы 100 басқа арналған отбасылық тауарлы-сүт фермасының құрылыс жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, аудан бойынша 2 мал бордақылау алаңы бар. Амангелді ауылдық округінде орналасқан «Малай би Агро» ЖШС 400 бастық алаңын 1500 бас бордақылау алаңына айналдырып, жыл басынан бері 119 тонна сиыр етін өндіріп, өткізді. Бүгінгі күнге 850 бас бұқашық байланып, бордақылануда. Қарабөгет ауылдық округіндегі «Дәуренбек» шаруа қожалығы 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын салуда.

 Қорыта айтқанда, ауданда мал шаруашылығы бағыты бойынша атқарылатын шаруалар аз емес. Мемлекет қамқорлығын сезінген қожалықтардың ертеңгі күнге деген сенімі де зор.

Жомарт ИГІМАН.

Сарқан ауданы.