ОБЛЫС ӘКІМІ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Уақыты: 03.08.2023
Оқылды: 752
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2023 жылғы 16 тамыз күні сағат 10.00-де Кербұлақ ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Мекенжайы: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №10.

Сондай-ақ, сағат 11.00-де өңір басшысы Ә.Сарыбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Мекенжайы: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №25.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=  сілтемесі бойынша және Кербұлақ ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «kerbulak_akimdigi» парақшасында  https://instagram.com/kerbulak_akimdigi?igshid=MTIyMzRjYmRlZg==  сілтемесі бойынша жүргізіледі.