Ереуілтөбе – елдіктің белгісі

Уақыты: 02.08.2016
Оқылды: 2983
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 

 

 

 

Ел рухын көтерген ескерткіш

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның  тағдырын,

Домбыраңның пернесінен  іздедім.

 

Іздедім де, сәттерімде түңілген,

Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.

Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем,

Тарихыңды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым, сенің ана тіліңмен.

 

Алдаспан ақын Мұқағалидың айтқаны ай­на-қатесіз келген күн болды. Сыр ашпай жат­қан құла түзден, сыр бүгіп жатқан тау-тас­тағы ізден бір кездері талауға түскен тағ­дырымызды танып, жүз жыл бұрын қазақ ұл­тының қасіретіне куә болған даланың арада ғасыр өткенде  ерлік пен елдіктің, даналық пен дар­қан­дықтың қасиетті мекеніне айналғанын көріп қайттық.

 

Ел ішінде «Он алтының ойраны» атанып, ақ патшаның «Июнь жарлығы» шыққанға дейін иісі қазақтың берекесі мен бірлігінің арқауы болып, Қар­қара жәрмеңкесі болған өңір­де ұлт-азаттық көтерілі­сі­нің 100 жылдығы кең кө­лем­де аталып өтті. Ел тәуел­сіз­ді­гі­нің 25 жыл­­­дығы аясында өш­кені­мізді қайта жағып, өткені­мізді жаңа­ша таныту мақса­тында Райым­бек ауданындағы әй­гілі Қар­қара жайлауында «Та­рихқа тағзым» атты руха­ни-мәдени мереке өтті.  

Ел мәдениетінің өркендеп, халық салт-дәстүрінің, әдет-ғұр­пының асқақтауы ең алды­мен отаншылдық рухтағы, па­триоттық үлгідегі тәрбиеге ті­ке­лей байланысты. Оған бас­ты ұстын – ел мен жердің тарихы. Тарихының тереңдігін ұғынған халықтың алар асуы – биік, шығар шыңы – мұзарт.

Шындығында бүгінгі тәуел­сіз­діктің бастауы 1916 жылы пат­­шалық режимге қарсы тұ­рып: «Бала өлгенше, шал өл­сін», – деген жалғыз ауыз жа­лынды сөздің құдіретімен оқ­тау­лы мылтыққа жалаң қолмен  қарсы шық­қан Ұзақ, Жәмеңке, Тұр­лықожа, Әубәкір, Жаңабай, Се­рік­бай сынды ақсақалдар мен ас­қақ рухты ел ағаларының боз биенің қанына бармақ батырып, анттасуынан басталады. Атадан балаға жалғасып, үзілмей жет­кен серттің дүмпуі кең-байтақ қазақ даласын шарпығаны бел­гілі. Торғайдағы Амангелді Има­нов­тың, Үшқоңырдағы Бекболат Әшекеевтің артына ел ертіп, қабырғадан қысқан патшалық саясатқа қасқайып қарсы тұруы Қар­қара көтерілісінің заңды жал­ғасы еді. Оның соңы үл­кен­ді-кішілі қаншама толқу мен ереуілге ұласты десеңізші?! Бү­гінде бірін білсек, бірін біл­мей­міз. Ел аузындағы әңгімелерде ғана айтылып, атасы мен баба­сының ерлігіне елеңдеген құй­мақұлақ қарттардың ләмінен ес­ті­ліп қалады, анда-санда. Алай­­да бабалар бойындағы еркін­дікке деген ерлік пен өр­ліктің жа­лыны мен жасыны жанарды қа­рықтырған най­за­ғайдай на­мыс­тың ұшқыны 1986 жылы желтоқсанда жас­тардың бойы­нан көрініс тап­ты.

Бұл қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт за­ман­ды аңсаған, армандаған қазақ халқының кеңестік идео­ло­гия­дан бас тартуы, еркіндікке қол созуы еді. Жаратқан Алла нә­сіп етіп, еліміз Қазақстан Рес­публикасы деген заңды атауын иеленіп, өз алдына дербес мем­лекет болып шыға келді. Бү­гінде күллі әлем таныған елі­міз өткеніне көз салып, та­рих­тың ақтаңдақ тұстарын қайта қарауға кірісті. Қарқара жай­лауын дүбірлеткен ұлан-асыр той соның дәлелі.

Рухымызды асқақтатып, көңілімізді аспандатқан дүбір­лі мереке Райымбек ауданы­ның орталығы Кеген ауылында ұлт-азаттық көтерілісінің құр­бандарына арналған «Тарихқа тағзым» атты монументалды ес­керткіштің ашылу салта­на­тымен басталды.

Ертеректе қазақ қаза тап­қан жанның басына жіңішке қарағайдан сайғақ қойып, мар­құмның мәңгілік мекенін бел­гілейтін. Бұл ертеден жалғас­қан үрдіс. Кірпіштен салынған күмбезді мазардың кейіннен енгені белгілі. Дәл Нарынқолға апаратын күре жолдың Қар­қараға бұрылар тұсына орна­тылған еңселі ескерткіш сол көне үрдісті жаңартқандай, жаң­ғыртқандай әсер етті. Биік стел­ланы қоршай орналасқан кереге іспетті тас қабырғадағы ком­позициялық көріністің әр­қай­сысы осы дала төсін мекен­деген жұрттың тарихынан ха­бар беретіндей. Патшалық ре­жим­нің тұсында жаз жай­лау­ды, қыс қыстауды, күздеу мен көктеуді мекен еткен хал­қы­мыз­дың мамыражай тірлігін сипаттаған бірінші кереге ақ патша әскерінің озбырлығын, оспадарсыз қылығын сөз қыл­ған алғашқы әңгімелерді бей­нелейді. Одан кейін Бірінші дүниежүзілік соғысқа қыл­шыл­даған жас жігіттерді қара жұмысқа алу үшін шыққан әйгілі «Июнь жарлығына» на­ра­зылық танытқан халықтың жанайқайы, яғни ер-азаматты қолына қару берместен от пен оқтың ортасына салмақ болған басқыншылардың өктемдігіне қарсылық жал-құйрығы төгіл­ген боз биенің бауыздау қа­ны­на қол батырып анттасумен жалғасса, одан кейінгі кере­ге­дей жайылған кескіндемеде қарулы солдаттардың шап­қы­нына түскен елдің көрінісі – қираған шаңырақ, сынған бе­сік, шытынаған қазан, бей-бе­рекет құлаған мәйіт күйінде берілген. Биіктігі 5 метрге тең тас бағанды қоршай орналас­қан барельеф тақтаға қарулы әс­кермен қақтығыс ошағы, кө­терілістен кейінгі бейбіт ха­лық­тың қуғындалуы, босқын­шы­лыққа тап болған елдің ақ патша солдатының қаруынан ығысқан күйі шекарадан өтер­де қытай әскеріне талануы көр­сетілген. Соңғы керегеде бүгінгі бейбіт өмірге қол жет­кізген, Мәңгілік Елге бет алған тәуелсіз мемлекеттің жұрт қуа­нар тіршілігі суреттелген. Бір қарағанда, қарапайым ғана биік тұғырды қоршай орна­тыл­ған ескерткіштей көрінетін монументалды кешеннің кө­тер­ген жүгі ауыр, айтар ойы терең. Осы орайда тарихы­мыз­дан ойып тұрып орын алған қасіретті жылдың қасиетін арт­тырған ескерткіштің авто­рын айта кетпесек әбестік болар. Жас ұрпақтың өткенін біліп, көңіліне іліп, ертеңіне деген сенімін ерлік пен намыстың шар­болатында қайрау мақ­сатында тұрғызылған ескерт­кіш аспантаудың перзенті, сол өңірдің талантты ұлдарының бірі КСРО Архитекторлар, ҚР Сәулетшілер одағының мүше­сі, архитектура кандидаты Жам­­был Кекіловтің төл туын­дысы. «Қарқара – Ереуіл» қо­ғам­дық қорының демеушілігі­мен орнатылған кешеннің рес­ми ашылу салтанатында Алаш­­тың Асанәлісі атанған КСРО Халық әртісі, мемле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Асан­әлі Әшімов, Халық әртісі, про­фессор Есмұқан Обаев, Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев сын­ды көптеген қоғам және мем­лекет қайраткерлері қатыс­қан шарада облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев алғашқы сөзді бастап берді. Тойға деген қызығушылықтан гөрі тарихқа деген құрметі ерекше бірнеше мыңдаған елді мерейлі мерекесімен құттық­тап, облыс басшысы Амандық Баталовтың таулы өңірге деген ыстық ықыласын жеткізген Бақтияр Әлтайұлы өңірімізде бой көтерген ескерткіштерге мән бере сөзін жалғастырды:        

– Жер жаннаты Жетісу өл­кесінде жалпы саны 2 мың 338 ескерткіш бар. Оның төр­теуі бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енсе, сегізінің рес­пуб­ликалық маңызы бар. Қалғаны жергілікті тарихтан сыр шер­­тетін нысандар. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы аясында Қазақстан мен Түр­кия арасындағы жо­ғар­ғы мә­дени байланыстың, өзара ын­тымақтастықтың жар­қын үлгісі ретінде маусым айын­да Анкара қаласында Сүйін­­бай Аронұлының бюстін рес­ми түрде аштық, – деп «Та­рихқа тағзым» мемориал­ды кешенінің маңыздылығына тоқталды. – Елдік, отан­сүй­гіш­тік сезімдер ең алдымен туған жеріңді сүюден, туған топырағыңа тағзым етуден, құрметтеуден, өскелең ұрпақ­қа рухани қолдау көрсетуден бастау алады. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев: «Әрбір отбасы, әрбір ауыл, әрбір ең­бек­кер елінің өскенін, өнгенін, оның әлеуметтік жағынан қор­ғалуын сезінуі керек», – де­ген еді. Осы ретте «Туған жерге тағзым» атты акция­ның шеңберінде жетісулық нағыз патриот жандардың демеушілігімен аймағымызда көптеген әлеуметтік ны­сан­дар салынып, пайдалануға бе­ріл­ді, тұрмысы төмен отба­сыларға және мүмкіндігі шек­теулі жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Сол игі істер­дің жалғасы болған «Қарқара – Ереуіл» қорының бастамасы­мен салынған бұл тарихи ес­керт­кіш тәуелсіздікті аңсаған бабаларымыздың рухына құр­мет деп білемін. «Қолы ашық­тың – жолы ашық», – дейді дана халқымыз. Жанболат Әке­бай­ұлы бастаған азаматтар Жетісудың ғана емес, бүкіл қа­зақ­тың қамқоршылары. Сіз­дердің бұл бастамаларыңыз жас­тарға үлгі-өнеге. Ата-баба­ларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәс­түрмен сусындатуды мақ­сат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Осыдан 100 жыл бұрын болған Ереуілтө­бе­дегі оқиғаны ұмытпай, тәуел­сіз­дігіміздің тұғырлы болуын паш ететін бұл ескерткіш бар­шамыз тәу ететін киелі орынға айналады деп сенемін.

Таулы өлкеде өтетін мұндай тарихи жиындардың төрінен ылғи да орын алып жүрген ел мақтанышы Асанәлі Әшімов орамды ойын ортаға салды. Театр өнерінің тарланы, сол аймақтың төл перзенті Есмұқан Обаев та тас тұғырдың сәндік үшін тұрғызылмағанын айта келіп, тарихымызды түгендеп, бабаларымызға құрмет көр­сететін мәні зор орын екенін де жеткізді. «Қарқара-Ереуіл» қо­рының басшысы Жанболат Жөр­гембаев та атқарылған жұ­мыс жайлы ақтарыла сөз сөй­леді. Сонымен бірге жиналған дүйім жұртқа ауданның Құр­метті азаматы Совет Оразаев ақсақал бата беріп, еңбек арда­геріне лайықты құрмет көрсеті­ліп, иығына шапан жапты. Бұ­дан соң алыс-жақыннан жинал­ған көпшілік Қарқара жайлауын бетке алып, Ереуіл төбеге Құран бағыштауға аттанды.

 

ҚҰРБАНДАР РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесіне арқау болған әйгілі Қарқара көтерілісін есте қалдыру мақсатында еліміздің талай марқасқа азаматтары ең­бек сіңірді. Соның бірі – Алаш­тың аяулы перзенті Ораз Жан­досов. 1926 жылы Ораз Жан­досов, Ыдырыс Көшкінов, Әу­бә­кір Жүнісовтердің бастама­сы­мен қазақ драма театрының ір­ге­тасын қалаған Серке Қожам­құ­лов, Қалибек Қуанышбаев, Қанабек Байсейітов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Кү­ләш Байсейітова, Әміре Қашау­баев, Иса Байзақов сынды аза­мат­тар қарулы әскердің қолынан шейіт болған аталарымыз бен аналарымызға, нақақтан қырыл­ған бала-шағаға арнап тас үйіп, оны «Ереуілтөбе» деп атайды. Алайда кеңестік идеологияның кесірінен ел мен жердің азат­ты­ғы үшін жан қиған жандарға арналған Ереуілтөбе мүлде ұмы­тылып қала береді. Ақтардың қысымынан соң қызылдардың қиянатын көрген халық 1929-1931 жылдардағы ұжымдастыру мен кәмпескені, 1932-1934 жыл­дардағы ашаршылықты, 1937-1938 жылдардағы сталиндік-голощекиндік қуғын-сүргінді, 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысты, 1945-1954 жылдардағы соғыс зардап­тарын жою науқанын, 1954 жы­лы басталған тың жерлерді иге­ру ісін бастан өткеріп, өткеніне, тарихына ой жүгіртуге жүрек­сін­гені рас. Қарқараның 10 жыл­дығына орай елді ұйымдастыр­ған Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкінов, Әубәкір Жүнісов қуғындалды, итжеккенге айдал­ды, атылды. Алайда халықтың зердесіндегі қанқұйлы оқиғаны ұмыттыру мүмкін емес еді. Ара­да 70 жыл өткен соң ғана өл­ге­німіз тіріліп, өшкеніміз жан­ған­дай болды, яғни, 1986 жылы Ереуілтөбе ескерткіші жергілік­ті азаматтардың қолға алуымен қайта жаңғыртылды. 2006 жылы көтерілістің 90 жылдығына орай ескерткіш аумағы абаттан­ды­ры­лып, қоршау орнатылды, шыр­ша отырғызылып, көріктен­ді­ріл­ді. Бүгінде кең- байтақ Қарқара жайлауының қақ ортасынан менмұндалап көрінетін киелі мекен көпшіліктің тәу ететін орнына айналған. Себебі, жан-жақтан ағылған көпшілікті пат­ша әскерінің Фон Берг, Иванов есімді жазалаушы жендеттері кездескен жерінде сұраусыз атып отырған. Бір шеті Қырғыз­стан­мен шектесетін Қарқара жа­зығында 1110 қазақты атып, асып, шауып, өртеп өлтірген­дерін мақтанышпен жазған­дар­дың жазасын Жаратқан Алла берсін, бүгінде гүл көмкерген өңір осыдан 100 жыл бұрын қан кешкені ақиқат. Қанды қыр­ғын­нан бой тасалап, өз жанымен әуре болған дәрменсіз халық артта қаншама мәйіттің көмусіз қалғанын білді? Жазалаушы отрядтар үш күннің ішінде қы­быр­лаған қазақты аяусыз өлті­ріп, аяғы ауыр әйелдердің ішін жарды. Еркек кіндіктіні сөзге кел­тірмей атқан жауыздар ең­бек­теген сәбилерді мылтығы­ның ұшына шаншыды, әйел атау­лыны зорлап, бүлдіршін қыз­дарды ат артына салдырды. Сай-сала, ойпат-жырасы қанға толған жайлаудың қара топы­рағы ғана шейіт болғандардың сүйегін жасырып, бойына сіңі­ріп алды. Содан бері талай су ақты, талай жан бақилық болды. Сонда да болса өскелең ұрпақ­тың санасын жазықсыз халық­тың жанарында кеткен мұң қа­быз­дай берді. Содан бері мар­құм­дарға Құран бағыштау, дұға арнау дәстүрге айналды.

Ереуілтөбенің басына орна­тыл­ған балбалтастың жанында Райымбек ауданының имамы қасиетті Құран  аяттарын оқып, дұ­ға жасады. Сонымен бірге жиналған жұрт дәл ескерткіштің қасынан ашылған дала төріндегі мұражайға кіріп, тарихи жәді­гер­лерді тамашалады. Осы ара­да сөз алған әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ журналистика фа­культетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы Ереуілтөбенің тарихына тоқ­талып өтті. Одан соң Ерлан Жүніс, Жұматай Әмі­реев, Ду­ман Бәзілжанұлы сын­ды жазба ақындар өлең оқып, көпшіліктің көңілін жалынды жырмен сер­пілтті.

 

Қасиетіңнен айналайын, Қарқара

Қара топырағын алқызыл, жасыл, сары, көкшіл түсті гүл­дер көмкерген Қарқара жай­лауына тігілген ақшаңқан киіз үй­лер алыстан көз тартады. Оған қарай ағылған көлік пен жұртшылықтың санында есеп жоқ. Жергілікті полиция қызме­тінің деректеріне қарағанда кел­ген автотранспорт саны сегіз мыңнан асып-жығылады. Басы Қарқара жайлауына келіп тірел­ген көліктің соңы аудан орта­лығынан әлі де шығып бітпей жат­қанын естіп, дүбірлі тойға деген елдің ықыласын аңғар­дық. Қырық мыңнан астам ха­лық Қарқара төсін қайыс­тыр­ған­дай әсер етті. Ұзын-ырғасы жүзге жетіп жығылатын, ақ­шаң­қан киіз үйлер орналасқан маңға бет алған халық «темір тұлпар­ларын» орналастырған соң, ерте дәуірлердегі ымырасыз тірші­лікті сипаттап, шаңырағынан қонақжай көңіл аңқылдаған қа­зақ ауылдарына қарай жол сіл­теген көк түсті қақпадан ене бер­ді. Жағалай тігілген киіз үй­лер­дің жасауы келісіп, шат-ша­дыман өмірді айғақтайтындай. Дәл ортадағы сахнаны қоршай орналасқан көпшілік Алтынбек Қоразбаев секілді өнер қай­рат­керінің, Бауыржан Бабажанұлы сынды ақынның, Қазақстан Жа­зушылар одағы басқарма төраға­сының орынбасары Жанарбек Әшімжанның, «Қарқара-Ереуіл» қорының басшысы Жан­­болат Жөргембаев сияқты ел азаматының жүрекжарды ті­лектерін тыңдады. Дүбірлі тойға жиналған үлкен-кішіге облыс әкімі Амандық Баталовтың сә­ле­мін тағы бір мәрте жеткізген орынбасары Бақтияр Өнербаев:

– Біздің қол жеткізген та­бы­сымыздың бәрі – тәуел­сіз­ді­гіміздің және мемлекеттің жаңа саяси бағытының арқа­сы. Биыл ғасырлар бойғы арман болған ел тәуелсіздігіне 25 жыл, – деп Жетісу өңірінде атқа­ры­лып жатқан мәдени шараларға тоқталып өтті. – Тәуелсіздік – ба­­балар қанымен суарылып, асыл арманмен қанаттанған ең қасиетті ұғым. Тәуелсізді­гі­міз­дің қайнар көзі – қазақ халқы­ның сан ғасырлар бойғы күре­сін­де, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. Тәуел­сіздіктің мерейлі тойымен бірге биыл 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілістің 100 жыл­ды­ғы да аталып өтілуде. Ата-ба­бамыз ғасырлар бойы ар­мандап өткен тәуелсіз ел болу мәр­те­бе­сін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйыр­ған зор бақыт. «Бақ баға­лағанның басында тұрады» – дейді дана халқымыз. Тәуел­сіз­дігімізді тұғырлы, мемлекеті­мізді ғұмырлы ету – біздің ор­тақ парызымыз.

Бақтияр Әлтайұлының ай­туын­ша, бұл мерекеге орай об­лыс әкімінің өкімімен Кеген Мә­­дениет үйі мен Ереуіл ауы­лындағы мектеп ғимаратына жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, атшабар алаңына спорттық мұ­нара орнатылған. Сондай-ақ, Ереуіл ауылының ауызсу жүйе­сі, Ереуілтөбе ескерткіші, ауыл­дың орталық көшелері жөндеу­ден өткізілді. Осының бәрі ел игілігі үшін екендігін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Өнербаев, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жыл­ды­ғына арналған мәдени іс-шаралар Қарасаз ауылында өт­кен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауымен бас­тал­ғанын, одан соң Талдықор­ғанда қылқалам шеберлерінің байқау-көрмесі, республикалық жыршылар байқауы өткенін атап өтті. Ал, алдағы қыркүйек айында Алматы қаласында өте­тін ғылыми-практикалық кон­фе­ренция Қарқара көтерілісін ғы­лыми тұрғыдан пайымдауға мүм­­­кіндік береді.

Дүбірлі тойға жиналған көп­ші­лікті Қазақстан Жазушылар ода­­ғы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшім­жанның сөйлеген сөзі дүр сіл­кін­­­­дірді. Ұлы Даланы мекен­де­ген Абылай хан, Үйсін Райым­бек, Қаракерей Қабанбай, Қан­жы­ғалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ер Қарасай сынды батыр бабаларымыздың Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Ала­таудың, Сыр мен Шудың ара­сында азаттық үшін арпалыс өт­кізгеніне тоқталған қарымды қаламгер осыдан 100 жыл бұ­рынғы оқиғаларға тоқталды.

– Патшалық Ресейдің 1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысты желеу етіп, әділетсіз һәм ретсіз жасалған әскери ба­ғыттағы іс-қимылдарына қар­сы көтеріліс Қазақстан мен Ор­та Азияны түгелдей қам­тыды. Сол бір сұрқай шақтар­да бұратана атанса да басын бұғауға бермей, мойындарына бұршақ салып болашақ ұрпақ үшін күреске шыққан өңір – Жетісу аймағы! – деген Жанар­бек Садыханұлы Қарқара көте­рі­­лісіне түрткі болған патша жандайшаптарының халыққа шектірген азабына тоқталып, Ба­тыс пен Шығысты тоқай­лас­тырған, Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған сол жерде бейбіт елді қанқасап қыр­ғынға ұшыратқанын, Алаш қай­раткері Мұхамеджан Тыныш­паев Қарқара қасіретінен ұзын-ырғасы 35 мың адам құрбан болғанын мысалға келтіргенін, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатов секілді Алаш қайрат­керлері ашына айтқанын тілге тиек етті. – Ел Тәуелсіздігінің      25 жылдығында қолымызды кеуде­мізге қойып тұрып, іштей тәу­бе келтіріп, өткен тари­хы­мыз­ды ой елегінен өткізіп, мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Тәуелсіздік идея­сын» жас ұрпақтың сана­сында сәт сайын жаңғыртып отыру әрқайсысымыздың мін­дет-борышымыз. Азатты­ғы­мыз­ға ширек ғасыр. Бейнелеп айтсаң дәуір үшін бес атанға жүк болар тарих, тұжырып айт­­саң тарих үшін түк те емес. Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың бәрін айқындап, жаңа тұрпатты Тәуелсіз мемлекет құрылды. Құн­дылықтар мен қоғамдық жүйе түбірімен өзгерді. Жайын ауыздай жалаңдап жаһандану дәуірі келді. 25 жылдың ішінде Қазақстан ғаламдық дамудың бірнеше сатысынан өтті. Тәуел­­сіз Қазақстан өзінің жаңа Елордасын белгіледі. «Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды», – дейді халық дана­лығы. Алыс-жақын шетелдерде болып жатқан қарулы қақты­ғыс­тар, көрші-қолаңдарда орын алып жатқан сәтсіз саяси ше­шімдер, туысқан елдердің шека­раларын толық белгілей алмай, бір-біріне қарсы қарулы іс-қи­мылға көшуі, Қасиетті Құран түскен жерлерде мылтық ұң­ғысынан түтін сейілмей тұр­ғаны санамызға сан түрлі сауал жүктейді.

Қазақ топырағында қан­ша­ма ұлт пен ұлыстар өмір сүріп келеді. Баршамыз «Тәуелсіздік идеясы» аясында мемлекет құ­ру­шы ұлттың қас-қабағына қа­рай отырып, осы елдің бола­ша­ғына қызмет етуге міндеттіміз. Біз үшін қастерлі де қасиетті ұғым – Тәуелсіздік! Бабалары­мыз осы азаттық үшін қан төкті, бүгінгі ұрпақ соның қадіріне жете білуі тиіс.

Жанарбек ақын бұдан соң бабалар ерлігінің 100 жыл­ды­ғына орай көптеген шаралардың атқарылуына ықпал жасаған облыс әкімі Амандық Баталовқа ақын-жазушылардың атынан алғыс білдіріп, өңір жетекші­сінің қолдауымен «Ан-Арыс» ба­спасынан Қарқара көтері­лі­сіне арналған 7 томдық кітап­тың шыққандығын құлаққағыс етті. Онда Мұхтар Әуезовтің «Қи­лы заман» повесі, ел ағасы Сей­дәлім Тәнекеевтің «1916. Қар­қара-Албан көтерілісі» атты зерттеу еңбегі, көрнекті қалам­гер Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай» атты жаңа ро­маны, тарихи құжаттар топта­масы, сол замандағы ақын­дар­дың жыр-дастандары енгізілген.

Ауқымды сахнаның ау­ма­ғына жиналған көпшілік бұдан соң облыстық Сүйінбай атын­дағы филармония әртіс­терінің және де арнайы барған көптеген өнер иелерінің кон­цертін тама­шалап, мерекелік көңіл-күймен қауышты.

 

Жүйрікте де жүйрік бар...

Ас пен тойдың сәні бәйге мен көкпар. «Той десе, қу бас до­малапты», – дейтін қазақ ба­ласының ат ойындарына деген ықыласы ерекше. Қарқара өзе­ні­нің аңғарындағы кең жазыққа орналасқан атшабарға жиналған көпшіліктің қарасы мол. Теңіз­дің толқынындай тулаған көп­шілік биік қабақтан алдымен теңге ілу, қыз қуу, көкпар се­кіл­ді жігіттің жігіті сыналар, көр­ген жанның қанын қыздырар тартыстарға куә болды. Одан соң қалың көрермен «Құнан бәй­геге» қатысқан шын жүй­ріктердің болашағынан үміт күттірер аяқ алысын тама­ша­ла­ды. Қошқар болар қозыны маң­дайынан танитын халқымыз жүй­рік шығар құлынды желі­ден-ақ біледі. Сондықтан да бәсекелі жүйріктер алға ұмты­лып, желмен жарысқа түскенде бәйге алатындары өз-өзінен бел­гілі бола бастады. Құнан бәй­геде бірінші орынды талас­сыз алған Алакөл ауданы, Үш­арал қаласының жүйрігіне мін­ген шабандоз Диас Жұмаш «Ла­да гранта» автокөлігін иеленсе, Көксу ауданы, Балпық би кен­тінен келген Құрманбек Болат­ханұлы екінші орынның 200 мың теңгесін, Райымбек ауданы Саты ауылының шабандозы Ермек Үркімбаев үшінші орын­ның 150 мың теңгесін еншіледі. Одан бөлек, төртінші орынға тігілген 100 мың теңгені Жам­был ауданы, Көкбастау ауылы­нан келген Ильшат Бай­мұ­қа­нов, бесінші орынға тігілген 50 мың теңгені Ескелді ауданы, Жал­ғыз­ағаш ауылынан келген Нұр­жан Аманжолов иеленді.

Қазақ жылқының ішінде жорғаны ерекше құрметтеген. Жүрісіне қарай «су төгілмес», «жол жорға», «қой жорға» деп атаған ерен жорғаларды алыс қашықтыққа бекерден-бекер жібермеген. Тіпті, ертедегі күй­шілер «Қара жорға» атты күй шығарып, буындары былқыл­да­ған бишілер арнайы биге айналдырған. Осының бәрі жорғаға деген халықтың ықы­ласы. Қарқара жайлауына жи­налған көпшілікте жорға жа­рысын тапжылмай отырып та­машалап, шын жүйріктің жүрі­сін жақсылыққа балады. Төрт аяғын тең басқан жүрісті жыл­қылардың арасында 5 жүйрікке жүлде тағайындағандар бірінші орынға тігілген «Лада гранта» автокөлігін көршілес Қырғыз елінен келген Таңатбек Мей­рамқұлұлының қанжығасына байлады. Одан кейін екінші орынды Астана қаласының жор­ғасы еншілеп, Перевпиев есімді шабандозы 200 мың теңгенің жүлдесін еншіледі. Үшінші орынға тігілген 150 мың теңгені Райымбек ауданы, Қарқара ауылының тұрғыны Мейрамбек Ниязов, төртінші орынның 100 мың теңгесі мен бесінші орынның 50 мың тең­гесін Райымбек ауданы, Бөлек­саз ауылының қос жорғасына мінген Мирас Бектұрсын мен Нұрхан Бектұрсын иеленді.

Таулы жердің табиғаты ерек­ше. Жарқырап тұрған күн аяқастынан нілдей бұзылып, бұршақты жауын құя салады. Дәл 16 шақырымдық «Топ бәй­ге» басталғанда көпшілікті әбі­герге салған дауылды боран бәйге өтіп жатқан жерге енте­леп жетіп қалған еді. Әп-сәтте дауылдатып келіп, сіркіреп өте шықты. Айналаны бір сергітіп алған табиғи құбылыс өткен соң бұлттан шыққан күнге шыж­ғырылған көпшілік ор­н­ы­нан тапжылмай топ бәйгені та­машалады. Сіркіреп құйған жаңбыр кезінде талмай шапқан жүйріктердің ішінен оза шық­қан төрт шабандозға бәйге бе­рілді. Сөйтіп, 1-орынды Жам­был облысы, Қордай ауданынан келген Ақжол Жұматай жеңіл ав­токөлік иеленсе, екінші орын­ға тігілген 200 мың тең­гені Жамбыл ауданы, Беріктас ауылынан Ержігіт Төлегенов, үшінші орынға тігілген 150 мың теңгені Жамбыл ауданы, Беріктас ауылынан Асхат Ома­ров, төртінші орынға тігілген 100 мың теңгені Жамбыл об­лы­сы, Қордай ауданы, Қарасу ауылынан келген Елдар Айт­баев еншіледі.

Ұзақтығы 25 шақырымдық кіші аламаннан бірінші келіп, көпшіліктің мерейін асырған Жамбыл облысы, Қордай ауда­ны, Қарасу ауылының тұрғыны Ақпар Өсербаев «Уаз Патриот» көлігін еншілесе, сонау Маң­ғыс­­­тау облысы, Ақтау қала­сынан келген Бағдәулет Мең­ді­баев екінші орынға тігілген 300 мың теңгені, Алакөл ауданы, Үшарал қаласынан келген Диас Жұмаш үшінші орынға тігілген 150 мың теңгені, Қарасай ау­даны, Үшқоңыр ауылынан кел­ген Дәурен Абылай төртінші орынға тігілген 100 мың тең­гені, Райымбек ауданы, Қарқара ауылының тұрғыны Бауыржан Ашықов бесінші орынға тіг­іл­ген 50 мың теңгені иеленді. Бұдан соң көпшілік 43 ша­қырымдық ұлы аламанды де­мін ішіне тарта отырып тама­шалады. «Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек...» де­ген халық даналығы мың мәрте рас екендігін Алакөл ауданы, Үшарал қаласынан келген жүй­рік дәлелдеді. Ә дегеннен өз­гелерден оқ бойы озып шыққан ерен жүйрік 15 айналымда ша­бысынан танбай, мәреге дейін тынбай шапты. Тіпті, оза шап­сам деген дәмелі жылқыларды жарты шақырым артқа тастаған шабандоз Диас Жұмаш жол талғамайтын «Уаз Патриот» автокөлігін талассыз иеленді. Одан кейінгі екінші орынға табан тіреген Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылының шабан­дозы Азат Мұқажанов 300 мың теңгені еншілесе, үшінші орын Райымбек ауданы, Қарасаз ауы­лына бұйырды. Үшінші орынға тігілген 250 мың теңгені Айдос Сүлейменов иеленсе, төртінші орынның 200 мың теңгесін Райымбек ауданы, Қарқара ауы­лының тұрғыны Тұрар Әмір­ғазы еншіледі. Бесінші орынға тігілген 150 мың теңгені Ақсу ауданынан келген Данияр Аб­дул­лаев, алтыншы орынға тігіл­ген 100 мың теңгені Жамбыл ауданы, Амангелді ауылынан келген Олжас Әбдіхамит, же­тінші орынға тігілген 50 мың теңгені Саят Әбдіманап ие­ленді.

Шілде айының соңында Қарқара жайлауын дүбір­лет­кен ұлан-асыр тойға осылай нүкте қойылды. Көп­шілік ақшаңқан киіз үй­лердің иелері ұсынған ақ, адал астан дәм татып, бабалар ру­хына құрмет көрсетті. Әр­бір шаңырақта қасиетті Құран оқы­лып, азаттық жо­лында бақилық болған жандардың рухына дұға ба­ғыш­талды. Бір кем дүние десек, асыра сілтегеніміз бол­мас, азаттықтың арайлы ақ таңының бастауы бол­ған Қарқара көте­рілісінің 100 жылдығына орай тарихи шындықпен ұштастыра шы­ғарсақ деген киноның дайын сценарийі жазулы күйінде қалып қойды. «Жо­март­тың қолын жоқ байлады ма», әлде демеу­ші­лер жағы кемшін болды ма, қаражат тапшылығына бай­ланысты көрермен жүрегіне жол тауып, отандық киноның құнды мұрасы бо­латын бір фильм шықпай қалды. Азаттық жолында құрбан бол­ған бабалар мен боздақтарды жоқтап, түгендеу бүгінгі тоймен тоқтап қалмас, алдағы уақытта Алашым деген аза­мат­тар барда өткеніміз өшпейтіні анық. Ал көңілде қалған кино туралы ұсыныс мемлекет деңгейінде қаралып, көңілге түрлі ой салған бір кем дүниенің орнын толтырар деген сенімдеміз.

 

Мәди Алжанбай,

Райымбек ауданы.