НАУРЫЗНАМА. ЖЕТІСУДАҒЫ ОН КҮНДІК ІС-ШАРА

Уақыты: 12.03.2024
Оқылды: 425
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында наурыз он күн тойланады. Әр күнге түрлі іс-шара жоспарланған. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйніде өткен баспсасөз мәслихатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев айтты. 

 


Биыл Наурыз мейрамын тойлау ерекше форматта өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің және облыстың барлық өңірлерінде Наурызнама өткізіледі. Бағдарлама әр күнге арналған.

16 наурыз күні Талдықорған Салтанат сарайында тұсаукесер рәсімі өтеді, онда бір мезгілде 50 сәбидің тұсауы кесіледі.

21 наурызда Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» экономикалық аймағының аумағында этнофестиваль өтеді, онда ұлттық ойындар, қазақ бұйымдары мен қолөнер бұйымдарының көрмелері өтеді.

22 наурызда Талдықорған қаласында сағат таңғы 10-нан түңгі 22-ге дейін барлық қонақтарды этно-қалашықтар, «Жастар» саябағында концерттік бағдарлама, үлкен жәрмеңкелер, «Жастар» саябағынан  Қадырғали .Жалайыри  даңғылы бойымен – Назарбаев даңғылы бойымен және орталық алаңға дейін түйешілер,  салт  аттылар, ат командалары  және велосипедшілердің қатысуымен этнокеруен ұйымдастырылады. Ал кешке қонақтарды керемет отшашу күтіп тұр.

Барлығы мыңнан астам түрлі іс-шаралар өтеді деп күтілуде. Жауапты басқармалар мен әкімдіктер әлеуметтік желідегі парақшаларында әр іс-шараның  нақты орны  мен  уақыты көрсетілген толық бағдарлама жариялайтын болады.