10 көшені су басып, үйлерге кірді

Уақыты: 13.03.2024
Оқылды: 301
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Шымкенттің Тұран ауданында көшелер су астында қалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Шымкент қаласы Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданында мол жауған нөсер жауыннан кейін көшелерді су алып кеткен. 

Түскен жауын-шашын көлемі 33,7 мм-ге дейін жеткен. 

Осылайша жеке бір тұрғын үйді, 15 ауланы және төрт аудандағы 10 көшені су басқан. 

ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 10 техника, 13 мотопомпа оншақты аулада және алты көшеде су сору жұмысын жүргізді.

Бас-аяғы 1700 текше метр су сорып алынған. 

Зардап шеккендер жоқ. 

Фото: Шымкент қалалық ТЖД