Елімізде емдеу мекемелері жанынан бақылау кеңесі құрылады

Уақыты: 15.03.2024
Оқылды: 293
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Еліміз бойынша шаруашылық есепте жұмыс істейтін ауруханалар мен емханаларда мемлекет қаражатын есепсіз жұмсау деректері көбейіп барады. Көп жағдайда бас дәрігерлер мен емхана меңгерушілерінің қаржылық сауатының кемшілігінен миллиондаған қаржы талан-таражға түседі. Осыған орай енді әрбір емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құру жөнінде ұсыныс қабылданды.

"Бақылау кеңесін жергілікті әкімдіктер құра алады. Оның құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, волонтерлер, қоғам белсенділерін де тартуға болады. Бастысы, кеңес мүшесінің қаржылық сауаты болуы керек. Медициналық нысандардың кіріс-шығысы толық есептеледі. Бюджет ақшасы мақсатты жұмсалуы керек", - дейді Ұлттық құрылтай мүшесі Диляра Қайдарова.

Фото: gov.kz