СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

Уақыты: 08.09.2016
Оқылды: 1279
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 

Бүгінде трансшекаралық өзендер суын үнемдеп, тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтың төраға­лығы­мен өткен жиын дәл осыған байланысты болды.

Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Балқаш – Алакөл» су бассейні инспекциясының басшысы Серікқали Мұқатаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров, «Казгидромет» РМК гидрология бөлімінің жетекші маманы Ерлан Жұма­таев, тағы басқалары сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті. Айта кетейік, облыста Қытай және Қырғыз елімен шекаралас аймақтан бастау алатын он жеті өзен бар. Бүгінде осы өзен суларын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, ол ауылшаруашылығы алқаптарын суаруда айрықша рөл атқарады. Осыған байланысты жиында жоба-жоспарлар қаралып, мәселелер талқыланды. Судың әр тамшысы қымбат. Ал оны үнемдеуде үлкен ыждаһаттылық пен жауапкершілік қажет. Серікжан Іслямұлы осыны назарға салып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Айгүл Байжұмақызы.