АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ КІМ? БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ

Уақыты: 14.08.2021
Оқылды: 1262
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Конкурс қорытындысына сәйкес, Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Мұратұлы Исаев жеңімпаз атанды және конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді.

Аталған байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, байқауға облысымыздың 12 ауылдық округ әкімі қатысып, оның 5-уі әңгімелесуге қатысты.

Қатысушылар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтті: жобалық жұмысты қорғау, әкімнің қызметін халықтың бағалауы, өңірлік комиссияда әңгімелесу, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге бағалау жүргізілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"