"МАМАНДЫҚ МЕҢГЕР, ЖҰМЫСҚА ТҰР": "ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫ ЕЛДІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРДІ

Уақыты: 24.04.2020
Оқылды: 965
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша облыс аумағында біршама жұмыс атқарылуда.

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, аталған бағдарламаны іске асыру үшін 9,9 миллиард теңге қарастырылған.

Бағдарламаның бірінші бағыты – тегін кәсіптік-техникалық білім беру. Бұл бағытқа 1703,0 миллион теңге бөлініп, 1 мың 535 жас қамтылған. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 507,6 миллион теңге қарастырылған. Орта жастағы 2 мың 505 адамды қысқамерзімді кәсіптік мамандыққа оқыту жоспарлануда. Қазіргі таңда 135 адам оқуға жіберілген.

«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 5214,4 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 1094 әлеуетті қатысушыларды шағын несиелеуге 4791,3 миллион теңге бөлінсе, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 423,1 миллион теңгеге 1 мың 235 грант беру көзделуде.

Үшінші бағыт бойынша 2400,9 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1078 адамды 240,7 миллион теңгеге жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 968 адам жұмысқа орналасқан.

Жастар тәжірибесіне 467,2 миллион теңгеге 1 мың 175 түлек жіберу жоспарланып, 374 жас тәжірибеден өтуге жіберілген.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін 5 мың 774 жұмыссыз азаматқа 1693,0 миллион теңге бөлінген. 2932 азамат қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жолданды. Ақпараттық жұмысқа 5,8 миллион теңге бөлінсе, тұрақты жұмыс орындарына 2372 адам орналасқан.

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы мамандарының айтуынша, бүгінгі күнге 5 мың 749 бос жұмыс орны тіркелген. Оның ішінде, «Электронды еңбек биржасы» порталында орналастырылған 4 мың 331 бос жұмыс орны бар. 100 мың теңге еңбекақысы бар бос жұмыс орындарының саны 1 мың 482. Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 1 мың 283 бос жұмыс орны тіркеліп, 2 мың 953 адам тікелей жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Сурет ғаламтордан алынды