РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ ТАЛДЫҚОРҒАНДА: РЕЙТИНГ НӘТИЖЕСІ

Уақыты: 30.09.2021
Оқылды: 1705
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақcтан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының МКҚК 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша колледждер арасында өткен рейтинг нәтижесінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Қазақстан Республикасының үздік 10 колледжі» номинациясында және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бейіні бойынша 1 орынды иеленді. Бұл туралы "Жетісу" газетінің тілшісі мәлімдеді.

«Тalap» КЕАҚ жыл сайын колледждердің студенттерге жоғары сапалы білім беру қабілетін бағалау, олардың нәтижесін салыстыру және көрсетілетін білім беру қызметінің ауқымын ұдғайту, қосымша мотивация құру мақсатында жыл сайын еліміздегі колледждер рейтингін анықтайды. Аталған рейтинг қорытындысы бойынша үміткер колледж жұмысының негізгі көрсеткіштері қызмет сапасы (25 балл), кәсіби персонал (15 балл), бизнес-қоғамдастықтармен қарым-қатынас (35 балл), WorldSkills жобасына қатысу және басқа инновациялық жобалар (10 ұпай), студенттер саны (15 ұпай) сияқты бес көрсеткіш бойынша бағаланады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі өңірдегі беделді оқу орындарының бірі. Аталған білім шаңырағын тамамдаған түлектер облысымыздың әр тұсында, әр салада қызмет етіп, өңірдің, елдің өркендеуіне еселеп үлес қосып жатқанын білеміз. Оқу бағдарламасындағы техникалық білімдердің ең озық үлгісі осы колледжде оқытылады. Сондай-ақ, колледждің ұзақ уақыттық тәжірибесі мен қалыптасқан білім беру стандарты бар. Осы тұрғыдан келгенде оқу орны тек облыс тұрғысында емес, республика көлемінде көш бастап тұр деуге болады. Оған республикадағы колледждердің жыл сайынғы рейтингі қорытындысы бойынша 92,12 балл жинап, еліміздің үздік колледж атанғаны да дәлел.

Білім шаңырағының осыдан кейінгі де қол жеткізер жетістігі көп болсын дейміз.

Қажет АНДАС

Алматы облысы