АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПТЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ

Уақыты: 23.08.2022
Оқылды: 799
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жаңа оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтті. Бұл жөнінде Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара  ИСАҒҰЛОВАНЫҢ баяндамасы тыңдалды.

Гүлсара Тастандықызының айтуынша, жаңа оқу жылында облыстың 423 жалпы білім беретін мектебінде 330 446 оқушыны оқыту жоспарлануда. Оның ішінде 694 млн. теңгеге аз қамтылған отбасылардан шыққан 27 765 бала тегін мектеп формасымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, 35 805 бала 1-сыныпқа барады деген болжам бар. 2-сынып оқулықтары толық жаңартылып, 1-3-11-сынып оқулықтары қосымша сатып алынады. Облыстағы 423 мектеп компьютерлік техникамен 100 пайыз жабдықталып, барлық білім ошағы интернет желісіне қосылған.

Биыл 20 білім беру нысанының құрылысын жүргізу көзделсе, 12 білім беру нысанын қолданысқа беру жоспарлануда. Ал 8 мектеп келесі жылға өтпелі.Оның ішінде 3710 орынды 8 мектептің құрылысы үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін салынбақ. 1 қыркүйекке 110 орынды 1 мектеп, қалған 10 мектеп жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2 жекеменшік мектептің құрылысы  жүргізілуде. Алматы облысында 8,7 млрд. теңгеге 18 нысанды күрделі жөндеу жоспарланған.

Олардың ішінде 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізу аяқталса, 14 мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге цифрлы білім беру ресурстарына облыстың 385 (91%) мектебі қосылған, оның ішінде BilimLand – 384 мектеп, Daryn.online.kz – 1 мектеп қосылған. Қалған мектептер тамыз айының 20-сына дейін толық қосылмақ. Облыс бойынша 20 баспамен 95 келісімшарт жасалған. 12 тамыздағы жағдай бойынша 28,7 пайызға оқулықтар алынған.

Мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға бір ба-лаға 37 500 теңге жұмсалмақ. Бұл қаражатты ата-аналардың жеке шотына аудару 25 тамызға дейін аяқталмақ.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы