АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕР ЖИНАЛЫП, ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 22.08.2022
Оқылды: 1093
Бөлім: РУХАНИЯТ

Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай №1 орта мектеп алдындағы ескерткіш жанында еске алу шарасы өтті.

Дінмұхамед Ахметұлының қалдырған ізі туралы Қонаев қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев естелігімен бөлісті.

– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарған кезінде жоғары парасат, мәдениеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өрісі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар, білікті жан ретінде елде болып жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екендігін терең түсініп, қолдай білді, – деді А.Беспаев.

Дінмұхамед Ахметұлының көзін көрген жандар мен қала тұрғындары көптеп жиналған шарада нар тұлғаның рухына Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар, көпшілік аталған мектепте орналасқан Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Ары қарай еске алу шарасы қалалық кітапханада жалғасты.

Алма ЕСЕНБАЙ

Қонаев қаласы,

Алматы облысы