ДИПЛОМАТИЯҒА - 30 ЖЫЛ! БАКУДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Уақыты: 28.08.2022
Оқылды: 1104
Бөлім: РУХАНИЯТ

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Шара бірнеше күнге созылады.

"Welcome to KZ" жобасы аясында өтіп жатқан шараға Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігі қолдау білдірді. Шараны екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай "Discovery Almaty" туристік операторы жүзеге асыруда.

Аталмыш орталық Қазақстанның 10 қанатты киіз үйінде орналасқан. Онда күн сайын Қазақстанның түрлі аймақтары ұсынған, жеті тұрақты экспозициядан құралған тұрақты көрмелер ұйымдастырылады. Олардың қатарында Алматы облысының туристік бағыттары, «Қыран» сұңқар орталығы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Esentai Mall» сауда орталығы, «Байқоңыр» ғарыш айлағы және «Эйр Астана» АҚ бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мәдени орталық 31 тамызға дейін Бакудегі Приморский бульварында жұмыс істейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"