Өнер көші келеді Өр Алтайдан

Уақыты: 20.11.2023
Оқылды: 998
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қарашаның 22 жұлдызы Жетісуға Шығыстағы шырайлы шығармашылық топ Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі гастрольдік сапармен келмекші. «Өр Алтайдан Жетісуға» деп аталған кештің көрігі күй, жалыны жаныңыздан атқылаған эмоция болары сөзсіз.

Аристократтық өнерді өзек еткен консертте ҚР мәдениет саласының үздігі, бас дирижер Шалқар Рысханов бастаған шығармашыл топ құлақ құрышыңызды қандырады.

Айта кетейік, өнер ұжымы 2001 жылы ШҚО мәдениет басқармасының мемлекеттік филорманиясында құрылған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Баяқов бастап басқарған оркестірдің құрамын әуелде Шығыс Қазақстан өнер колледжінің оқытушысы мен студенттері толықтырғанмен, қазіргі таңда мықты мамандармен құрамы толықтанып үлгерген.  

Өнер ұжымы алғашқы қанатқақты қадамын бастаған уақытта облыстың аудандары мен қалаларда, бұдан бөлек көршілес Ресейдің бірнеше қаласында өнер көрсетіп, ұлттық өнерді дәріптей бастайды. Шығармашыл топтың қазіргі негізгі бағыты – Алтай, Тарбағатай күйшілік өнерін дәріптеу болып отыр.

Ендеше, қазақтың тілі мен ділі, жыры мен мұңы, асып өз болмысын бейнелеуінің шыңы болған бегзат өнер – күй кешіне асығыңыз, ағайын.

ӨТЕТІН ОРНЫ: ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ, ДӘНЕШ РАҚЫШЕВ АТЫНДАҒЫ ФИЛОРМОНИЯ КОНЦЕРТ ЗАЛЫ (КІРУ ТЕГІН)