Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КЕЗЕҢ БОЙЫНША ІРІ ҚҰС ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 02.12.2022
Оқылды: 926

Алматы облысында қуаттылығы жылына 120 мың тонна өнім өндіретін ірі құс фабрикасы салынады.

«AITAS.KZ» холдингінің мәліметінше, олар құрылысты 2024 жылы, ал жобаның 1-кезегін 2026 жылы бастамақ. 2-кезеңнің басталуы 2028 жылға жоспарланған.

Холдингтің негізін қалаушы Серік Толықбаевтың айтуынша, құс фабрикасының ашылуы шамамен 3,5 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек. Өз кезегінде «AITAS.KZ» бас директоры Евгений Панов құс фабрикасы аумағында 192 құс ұясы, элеватор, жемшөп және құс өңдеу зауыты мен инкубатор салынатынын айтты.

Жобаның 1-кезеңі іске қосылған кезде жылына 60 мың тоннаға дейін ет өнімдерін шығару жолға қойылады. Ал 2-кезекті іске қосу кезінде қуат 120 мың тоннаға дейін артпақ. «Аталған кәсіпорын бойынша инвестиция көлемі 128 млрд.теңгеден асады», – деді Евгений Панов.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Алматы облысы