Жем-шөп дайындау жұмыстары жалғасуда

Уақыты: 27.09.2023
Оқылды: 1076
Бөлім: ОН САУСАҚ

Қыстың қамын ойлаған  ақсулық шаруалар шөп шабу науқанын жалғастыруда.

Өңір тұрғындарының ауа-райының құбылып, күрең күздің келгеніне  қарамастан, тырбанып жатқаны сол төрт түлік малдың қамы. Ауылдағылардың күнкөрісі де соның үстінде. Сол себепті шөп шабуға барлық жерде айрықша көңіл бөлініп, барды жинап алуға мезгілінде күш салынып, қажетті жұмыстар атқарылып жатыр.

Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерлан Оспанбековтың мәліметінше, аудан бойынша  2023-2024 жылдың  мал қыстату науқанына  377,4  мың тонна ірі сабақты жем-шөп дайындау жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. 

Атап айтқанда 226,8 мың тонна шөптің қазір 82 пайызы шабылды, 32,4 мың тонна сабан жиналды және 73,7 мың тонна шырынды (пішендеме – 27,5 мың тонна, сүрлем -46,2 мың тонна) жемшөптің пішендеме жоспары толық орындалды. Сондай-ақ, 44,5 мың тонна жемдік мал азығы толық дайындалды. Қазіргі таңда  шабындыққа жаппай шалғы түсіп, 44  мың тонна  мал азығы әзірленді.

Биылғы шөп түсімі жауын-шашынның аздығынан, ылғалдың жеткілікті мөлшерде болмауынан айтарлықтай емес. Бірақ, еңбек еткен адамға төккен теріне сай лайықты өнім алып, қысқа толық қамдануына болады.

Жақсылық ИГІМАН
Ақсу ауданы