«Өзіңмен бірге кофе ал» атты кәсіп пайда болды

Уақыты: 22.01.2024
Оқылды: 905
Бөлім: ОН САУСАҚ

Көп адам қазір кофе ішкенді ұнатады. Оны тек үйден ғана емес, одан тыс жерлерден де табуға болады.

Ал мұндай сусын сататын орындар шағын қалалардың көшелерінде бар. Адам әр шыны кофеге ақы төлеп ішеді. Нәтижесінде сусын тұтыну мәдениеті пайда болды. Бүгінде қала тұрғындарының басым бөлігінде уақыт тапшы. Сол себепті олардың кофе ішетін жерлерге баруға мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан «Кофе алып келу» немесе «Өзіңмен бірге кофе ал» сияқты тиімді бизнес пайда болды. Ол тұтынушылардың сүйікті сусынын төмен бағамен жылдам сатып алуға жағдай туғызады.

Нелли Дроздова кәсіпкерлік саласында өткен жылдан бері жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Талдықорған қаласына кофехана қажет екенін ескеріп, шағын орын ашуды ойға алды.

Кәсіпкер келіншек «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде «First Heartland Jusan Bank» АҚ-нан жылдық 8 пайыз несие алып, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Даму» қорының кепілдігін алды. Кофеханада қазір экспрессо, американо, капучино, латте сияқты хош иісті кофе мен шәйдің небір түрі бар.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы