"Көкте мың періште қуанады": Төрт бірдей отбасы баспаналы болды

Уақыты: 04.05.2023
Оқылды: 1035

Кербұлақ ауданында 4 бірдей отбасы баспаналы болды.

Аудан әкімі Қанат Есболатов пен бірге «ЖолбарысАгро» ЖШС-нің бас құрылтайшысы Нарымбет Әбдібаев және директоры Мақаш Әшірбеков, «LeaderNsk» ЖШС-нің директоры Нұрболат Кәрімов көпбалалы отбасыларға баспана кілтін сыйға тартты.

Көп жылдан бері жеке баспанасы болмай, әр үйді бір паналап жүрген отбасылар қолдарына кілт табысталғанда қуаныштың көз жасына ерік беріп, сенер-сенбесін білмей абдырап қалды.

Баспанаға ие болған Айнұр Бегімбетова, Аслан Танабаев, Әлия Дүйшенбаева, Индира Кенжеғалиев сөз сөйлеп, аудан әкімі мен үй сыйлаған кәсіпкерлерге алғысын жаудырды. Тіпті, көмейіне өксік тығылып, жүрек түбіндегі алғысын жеткізе алмай, көз жасына ерік беріп, мерекені тамашалауға келген жұрттың жүректерін елжіретті. Міне, «жердегі бір бала қуанса, көкте мың періште қуанады», – дейді. Атымтай жомарт кәсіперлер бір бала емес, көпбалалы отбасын қуантып отыр.

Ришад Тұрғанбай
Суретті түсірген Руслан Қадыров