ЖЕТІСУДА «КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ЕСКЕРТКІШ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 260

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы тарих және мәдениет ескерткіштерін, киелі орындарға тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Жетісу облысы 15 сәуірден бастап 70-ке жуық тазалық шарасы жүргізіліп, жалпы 100-ден астам ескерткіш қайта қалпына келтіріп, олардың аумағын тазартты. Саябақ пен скверлерге сенбілік өткізіліп, бүлінген заттар жаңартылды.

Шараға мәдениет қызметкерлері, спортшылар, кадет сыныбының оқушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, т.б. қатысты. Эко-акция облыстың әр аудан, қаласы және елдімекендерін қамтыды.

Jetisý-Aqparat