ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОРТАЛЫҚ БАССЕЙННІҢ АЙНАЛАСЫНА 80-НЕН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 317

 

Тағдырлы пенде тағылымды іспен әспеттелу керек. Соның ішінде табиғатты аялау, оны көркейту де бар. Жасыл аймақ апталығы аясында Талдықорғанда айтарлықтай жұмыстар жүзеге асырылуда. Шаһардан тонналап қоқыс шығарылып, саябақтарында жүздеп тал егілуде.

Қаладағы орталық бассейнннің айналасына 80-нен аса көшет отырғызылды. Көгалданыдру жұмыстарына қала әкімдігі мен ТҮКШ қызметкерлері, сондай-ақ жетісулық еріктілер ат салысты.

Отырғызылған ағаштардың 10 ға жуығы шырша, тағы бір 10-ы бозарша. Қалғаны қайың көшеттері. Абаттандыру апталығында көңіл бөлетін маңызды аймақтың бірі осы жер, себебі; орталық бассейн қаланың кіре берісінде орналасқан. Жаны Жастар саябағы. Өңірге келген адамға бірінші көзге түсетінін айтады жауаптылар.

Осы акцияның аясында Талдықорған қаласында 800 түп ағаш отырғызылатын болады. Жалпы облыс бойынша 1000 түп  ағаш отырғызылады. Бұрын қиыншылықтар болған отырғызған ағаштарымыз қурап қалып еді. Сол кемшіліктерді болдырмас үшін биыл саябаққа, әрбір ағашқа жауапты мамандар мен мекемелер бекітілді. Олар талдарды суарады, оны қарайды, – дейді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағат.

Жалпы экологиялық акцияға  80 мыңға жуық тұрғын мен белсінділер ат салысуда. Қазіргі таңда шаһарда 22 мың ағаш отырғызылып, 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Біз күзде 5000 ағаш егеміз деп жоспарлап отырмыз. Ол ағаштар қала ішіндегі саябақтар мен жаңа шағын аудандарға отырғызылады. Саннан көрі сапа маңызды, біз сапасына баса назар аударатын боламыз. Отырғызған талдар келесі жылы қурап қалмауы керек, – деп қала әкімі Ернат Бәзіл ойын жеткізді.

Қазіргі уақытта облыс орталығынан бөлек аудан, ауылдарда да жаппай тазалық жүріп жатыр. Акция аясында өзен-каналдар тазаланып, көше мен үй аулалары абаттандырылады. Жыл соңына дейін өңір аумағында 115 мың түп көшет отырғызу жоспарланып отыр.

Медет ЖҰМАБАЙ

Фото: Дима ЕРОФЕЕВ