АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ҚАР ТҮСУІ ЫҚТИМАЛ

Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 819
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты кезекті ескертуін жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуі негізінде алдағы үш күнде Алматы облысының Іле, Жетісу Алатауларының кейбір аумақтарында күн күркірейді, бұршақ жауады. Сонымен бірге, қар күтіледі. Облыс бойынша күн жаңбырлы болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райын бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сізге «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге кеңес береміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"